«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты қазақ тарихындағы қайсар арулар жайында тарихи танымдық экскурсия өтті
ҚазҰМУ мұражайында 8-наурыз мерекесіне орай «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты қазақ тарихындағы қайсар арулар жайында тарихи танымдық экскурсия өтті
ҚазҰМУ мұражайының басшысы Бақанай Амантайұлы студенттерге қазақ тарихындағы қайсар да батыр әйелдер жөнінде баяндма жасады. Әсіресе 20-ғасырда өмір сүріп, репрессияға ұшыраған, тағдыр тәлкегіне түскен нәзік жандылардың қайтпас рухы мен ерік-жігері туралы кеңінен баяндады. Олардың қатарында: С.Ж.Асфендияровтың жұбайы – Асфендиярова (Лапина) Рабиға Серәліқызы, медицина саласында білім алған дәрігер әйелдер – Жанкүміс Байғозина, Бибі-Зейнеп Абдрахманова, Мүбина Ниязова, Аққағаз Досжанова, Дәмеш Ермекова бар.
Тарихи танымдық жиынға проректор У.М.Датхаев арнайы қатысып студенттерге терең тарихымызды білудің керегін, қазақ әйелдерінің жанқиярлық ерлігін ұмытпауымыз қажеттігін айтты. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – жаны ізгі, жүрегі мейірімге толы, білімі жетік дәрігер мамандарды даярауды көздейтінін алға тартты.