Мен өмірді сүйемін
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» басымдық бағыты бойынша «Мен өмірді сүйемін» тақырыбындағы сайысты Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының доц.Байдуллаева Г.Е., лекторлар Алмабаева Н.М. және Абдрасилова В.О. ұйымдастырды.
Күн тәртібінде «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы презентациясын ЖМ21-013 топ студенттері қорғады. Сайысқа 5 қабырға газет, 12 эссе қатысты және студенттер өздерінің өлеңдерін (6) ортаға салды. Өздерінің өнерлерін Халықаралық медицина мектебінің студенттері көрсетті. Викториналық сұрақтар бойынша жарыс ұйымдастырылды. Алғы сөзді аға куратор Алмабаева Н.М. сөйледі.
Сайыстың қорытындысын әділ қазылар алқасы номинациялар бойынша шығарды:
- I орын ЖМ21-013 топ студенті Жумакан А. және ЖМ20-024 топ студенті Батыр Н.;
- II орын GM21-027-2 топ студенті Орынгалиева Г. және ФӨТ21-022-2 топ студенті Молдабекова П.;
- III орын ЖМ21-016-2 топ студенті Молдакасымова Ұ. және ЖМ21-013-2 топ студенті Ертай Л.
Сайысқа қатысқан барлық студенттер Алғыс хатпен марапатталды. Викторинаға қатысқан белсенді студенттер естелік сыйлықтарға ие болды.