Мұзды суда шомылу кім үшін қауіпті, дәрігер айтып берді
Қазақстанда 18-19 қаңтарда крещение рәсімі өтеді. Қалаларда шомылу рәсіміне арналған орындар белгіленіп қойылған. Суға түсушілердің қауіпсіздігін полиция, құтқарушылар және жедел жәрдем қызметкерлері қамтамасыз етеді.
Дегенмен, мұзды суға сүңгігісі келгендердің бәрі сақтық шараларын сақтамайды, осыған орай Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің патофизиология кафедрасының доценті Бауыржан Қасеновтың ұсыныстарын алға тартып отырмыз.
Сарапшының айтуынша, суға шомылуға халықтың белгілі бір санаты жиі қатысады, бұл экстремалды әрекеттерді жасау арқылы жарқын эмоцияны сезіну мүмкіндігімен тартылады. Сонымен қатар, көптеген адамдар бұл процедураға тиісті дайындық шаралары қажеттігі туралы ескермейді.