«Нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті
2025 жылғы 10 қазан күні, сағат 15:00-де 7-оқу ғимаратының 7-аудиториясында жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға барлық факультеттердің студенттері қатысып, қонақ спикерлермен жүздесті:
Көбеев Дәурен Асқарұлы – Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі;
Аитов Данил Сергеевич – Алматыдағы «Narkostop» жобасының негізін қалаушы, «Кенгуру Қазақстан» ЖШС-нің Workout спортын дамыту жөніндегі бас директоры, ҚР ІІМ жанындағы Есірткіге қарсы республикалық кеңестің мүшесі.
Кездесу барысында жастарға нашақорлық, ішімдік және темекі шегудің зияны туралы нақты ақпарат беріліп, өмірден алынған оқиғалар, тиімді кеңестер айтылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды жауаптар алды.














