Нейрореабилитация: даму векторлары
30 тамызда Орал қаласында қазіргі неврология мәселелері мен қозғалыс бұзылыстары бар науқастарды емдеуде және инсульттен кейінгі сөйлеу бұзылыстарын қалпына келтірудің реабилитациялық тәсілдеріне арналған «Нейрореабилитация: даму векторлары» атты Республикалық конференция өтті.
Конференцияның ғылыми ұйымдастырушылары ретінде «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС, Орал қаласындағы «Мейірім» медициналық реабилитациялық орталығы ЖШС және Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Бүрлі аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызмет етті.
Конференцияны Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің иегері Қамидолла Мұтиғоллаұлы Ирменовтың құттықтау сөзімен ашты. Бұл шараның модераторы және үйлестірушісі өңірдің бас штаттан тыс неврологы А.Г. Джулдугулова болды.
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Батыс Қазақстан аймағы үшін маңызды бұл іс-шараға нерв аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс неврологы С.Т. Туруспекова арқылы белсенді қатысты. Ол «Қазақстан Республикасының неврологиялық қызметі. Неврологиялық стандарт. Неврологиялық қызметтің даму стратегиялары», «Деменция. Деменция және Альцгеймер ауруына арналған ұлттық стратегия» тақырыптарында баяндама жасады. Сонымен қатар, Алматы қаласы №1 қалалық клиникалық аурухананың физикалық медицина және реабилитация кафедрасының ассистенті, нейрореабилитация бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласының бас штаттан тыс реабилитологы А.Б. Сейданова «Инсульттен кейінгі реабилитацияның ұйымдастырылуы, стандарттары, нормативтік-құқықтық актілер. Қазіргі нейрореабилитация жағдайы», «Қозғалыс бұзылыстары кезінде реабилитация» тақырыптарында хабарламалар жасады.
Сонымен қатар, Алматыдағы жоғарғы оқу орындары қатарынан ҚРМУ атынан неврология және нейрореабилитация бойынша ПК циклдарының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты А.С. Құдайбергенова инсульттен кейінгі иық пен спастика мәселелері және дорсопатияларды емдеудегі заманауи тәсілдер туралы баяндамаларымен ұсынылды.
Іс-шараға елдің жетекші ғылыми орталықтарының сарапшылары қатысты: медицина ғылымдарының кандидаты, ботулинотерапия сертификатталған тренері, реабилитология және спорт медицинас кафедрасының доценті Г.К. Тайтубаева, дефектолог-логопед, музыкотерапевт, Астана қаласындағы логопедтер мектебінің негізін қалаушы Р.Д. Оспанбаева, функционалдық нейрохирургия тобының консультанты, невролог С.А. Айдаров (Астана), қозғалыс бұзылыстары бойынша маман, «Қозғалыс бұзылыстары қоғамы – Еуразия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Т. Мырзаев (Алматы), невролог-реабилитолог, Смағұл Қайшыбаев атындағы неврология және нейрореабилитация институтының қызметкері А.Б. Барбосинова (Алматы), эргореабилитация маманы Д.Д. Дятлов (Астана).
Конференцияға неврологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, реабилитологтар, эрготерапевтер, ЛФК нұсқаушылары, дефектолог-логопедтер, афазиологтар, өңірдің денсаулық сақтау және медициналық білім беру ұйымдастырушылары қатысты және жоғары қызығушылық тудырды.