Нұргүл Хамзина: Кадрлық потенциалды күшейту – елді жаңғыртудағы орталық буын болып табылады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында:«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді», деп ерекше атап өтті. Бүгінде осы қағиданы Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті берік ұстанып келеді. Университет қабырғасында болашақ дәрігерлерді даярлаудағы жүйенің жетілдіруі мен жаңғыртуы қарқынды түрде жүруде. Медицина кадрларын даярлау саласына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу бойынша үлкен көңіл бөлініп келеді. ҚазҰМУ-ға қатысты нақты айтатын болсақ, бүгінгі күнде жетекші америкалық Дьюк университетімен ынтымақтастық туралы меморандум орнатылды. Ынтымақтастық оң нәтижесін беруде. ЖОО-дағы басым бағыттар бойынша жағдайды зерттеуде бірқатар бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, белгілі бір ұсыныстар алынды.Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта көптеген міндеттер мен мақсаттарымыз бар.
Елбасымыз өз Жолдауында атап өткендей, біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Осыған орай, біз өз тұрғымыздан денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық потенциалын күшейтуге қажет ететін жұмыстарды толығымен атқаратын боламыз.