Профессор, биология ғылымдарының докторы Наталья Петровна Бгатовамен мотивациялық кездесу
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді биология ғылымдарының докторы, профессор, клиникалық және экспериментальды лимфология ғылыми-зерттеу институтының (Новосибирск) ультрақұрылымдық зерттеу зертханасының меңгерушісі Наталья Петровна Бгатовамен мотивациялық кездесуге шақырамыз.
«Медицина мен биологиядағы морфология: ағымдағы жетістіктер және болашаққа бағыт» тақырыбында кездесу болады.
Профессор Бгатова морфологияның дамуына қатысты заманауи ғылыми көзқарастармен, оның медициналық және биологиялық зерттеулердегі рөлімен бөліседі, сондай-ақ клиникалық практика мен ғылымда морфологиялық тәсілдерді қолдану перспективалары туралы әңгімелейді.
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 11 қараша, 14:00
Өткізу орны: № 7 корпус, № 2 аудитория
Барлық қызығушылық танытқандарды көруге қуаныштымыз!
Ұйымдастырушы – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің гистология кафедрасы.



