Профессор Наталия Петровна Бгатовамен мотивациялық кездесу өтті
2025 жылдың 11 қарашасында С. Д. Асфендияров атындағы ҚазақҰМУ-нің гистология кафедрасында биология ғылымдарының докторы, профессор, Новосибирск «Клиникалық және эксперименттік лимфология ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік мекемесінің ультрақұрылымдық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Наталия Петровна Бгатовамен мотивациялық кездесу өтті.
Кездесуге кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Марал Жунусбековна, Жалпы медицина мектебі-1-дің декан орынбасары Амантаев Қуаныш Фаритович, кафедра оқытушылары және жалпы медицина мен педиатрия факультеттерінің екінші курс студенттері қатысты.
Профессор Наталия Петровна Бгатова морфология ғылымының қазіргі даму бағыттары жөнінде ғылыми көзқарастарын таныстырып, оның биомедициналық зерттеулер мен клиникалық тәжірибедегі маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде ісіктің өсуі мен метастаздану механизмдеріне, патологиялық жағдайлар кезіндегі лимфа жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне және морфологиялық әдістердің молекулалық, биохимиялық және цифрлық тәсілдермен ықпалдасуына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, профессор литийді қолдануға байланысты жүргізілген эксперименттік зерттеулердің оң терапиялық нәтижелер бергенін және бұл бағыт инновациялық емдеу әдістерін дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Кездесу барысында студенттер электрондық және конфокалдық микроскопия, цифрлық морфометрия және дәрігердің клиникалық көзқарасын қалыптастырудағы морфологиялық ойлаудың рөлі жөнінде сұрақтар қойды.
Іс-шара студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына деген қызығушылығын арттырып, морфология және оған іргелес салалардағы зерттеу әлеуетін дамытуға шабыт беретін маңызды алаңға айналды.















