Профессор Н.А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасына Әбу Әли ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық аясында келді
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың халықаралық және білім беру қызметінің маңызды бағыттарының бірі Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы болып табылады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша 2025 жылғы 17 ақпан мен 27 ақпан аралығында Әбу Әли ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының профессор-оқытушылар құрамы профессор Н.А.Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша болды.
Әбу Әли ибн Син атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының 1-Педиатрия кафедрасының доценті, PhD, неонатолог дәрігер, жоғары санатты педиатр Юлдашева Гулноз Гиозовна академиялық ұтқырлық шеңберінде 2025 жылғы 19 ақпанда дәрігерлер, интерндер және резиденттер үшін 8 академиялық сағат көлемінде «Педиатрияның өзекті мәселелері» тақырыбына Халықаралық қатысуымен Мастер-класс өткізді.
Әбу Әли ибн Син атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының 1-Педиатрия кафедрасының ассистенттері: Зумрад Тухтаевна Набиева, Озода Ражабтурдиевна Емгурова, Баходиров Бехруз Шавкатугли профессор Н. А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасында 2025 жылғы 17 ақпаннан 27 ақпанға дейін «Педиатрия» және «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша бакалавр студенттерімен 60 сағат көлемінде «Балалар аурулары»пәні бойынша практикалық сабақтар жүргізді.
Профессор Н. А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасының ассистенті Албакова А. А. кафедра ішілік бақылау жоспары бойынша ОМ-21-043р тобының 4 курс студенттерімен «Балалардағы жедел ревматикалық қызба» тақырыбында TBL әдісі бойынша ашық сабақ өткізді.
Әбу Әли ибн Син атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының 1-Педиатрия кафедрасының доценті, PhD, неонатолог дәрігер, жоғары санатты педиатр Юлдашева Гулноз Гиозовна академиялық ұтқырлық шеңберінде №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы клиникалық базасында нейрохирургия және кардиоревматология бөлімшелерінде 25 пациентке кеңестер, нефрология және ОРИТ бөлімшелерінде клиникалық қарау жүргізді.
Әбу Әли ибн Син атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтынынан келген қонақтар «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медицина тарихы мұражайын» және ҚазҰМУ симуляциялық медициналық орталығын аралады. Профессор Н. А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасының қызметкерлері мәдени шара аясында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының «Мөлдір махаббат» спектакліне қатысуды ұйымдастырды.
Оқытушылардың мұндай достық сапарлары халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді, оқытушыларға жаһандық ғылыми және білім беру үрдістерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді және өзара тәжірибені айтарлықтай байытады.