Профессор A.Komori-дің (Нагасак медицина орталығы, Жапония) С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға келу қорытындысы
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университетінде 2016 жылдың 18-25 қараша аралығында Atsumasa Komori M.D., PhD (Clinical Research Center, NHO Nagasaki Medical Center, Nagasaki University Graduate School of Biomedical Sciences, Japan) визитинг-профессор ретінде болды.
- Komori диагностика және бауырдың аутоиммунды аурулары, созылмалы вирусты гепатит, бауыр ісігі бар науқастарды емдеу жолында танылған маман. A. Komori Жапондық гепатологтар қоғамының, Азия- Тынық мұхиты бауырды зерттеу жөніндегі қауымдастығының мүшесі(APASL) .
- Komoriға 2015жылы ҚазҰМУ «Құрметті профессоры» атағы беріліп, Университеттің гепатология орталығы кураторы болып табылады. Бауыр ауруларымен ауыратын науқастарға методикалық және консультациялық көмек жүргізу және Нагасак медициналық орталығында кадр дайындау бойынша сұрақтарды шешу мәселесін іске асырады.
Бағдарламаға сәйкес A. Komori қатысуымен клиникалық және ғылыми қызмет және білім беру саласында шаралар өтті.
Клиникалық кафедра қызметкерлеріне және базалық клиника дәрігерлеріне «екі дөңгелек» үстел өткізілді. Ол шарада бауырдың созылмалы диффузды аурулары бар емделушілерді қазіргі заманғы диагностика және емдеу әдістері негізінде жүргізу мәселелері талқыланды.
22 қараша 2016 жылы ҚазҰМУ ішкі аурулар клиника базасында «Алкогольсіз майлы бауыр ауруы» мультидисциплинарлық мәселе бойынша дөңгелек үстел өтті. Диагностика критериилері, мониторинг және емделушілерді емдеу. «Алкогольсіз майлы бауыр ауруымен ауыратын метаболикалық синдромы бар науқастар арасындағы нозологияның таралуына, патогенезіне және өршуімен алдын алуына ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ІАК және Нагасак медицина орталығы біріккен ғылыми жобалар қарастырылды.
24 қараша 2016 жылы 1 ҚКА өткен дөігелек үстел аясында «бауырдың аутоиммунды аурулары-науқастарды жургізу бойынша заманауи менеджмент» тақырыбында дәрігер гастроэнтерологтар, Алматы қаласы медицина мекеме терапевтері арасында, ҚазҰМУ клиникалық кафедра қызметкерлері арасында тақырыпқа байланысты сұрақтар талқыланды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша профессор A.Komoriмен алдағы уақытта ҚР-да бауырдың аутоиммунды ауруларының клиникалық ерекшеліктері жайында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы келісті.
Білім беру бағдарламасы аясында 23.11.2016 ж және 25.11.2016 ж дәрігер –интерндер арасында созылмалы вирусты гепатит ауруын жургізудің заманауи әдістері жөнінде сұрақтар және бауыр циррозымен ауратын науқастардағы- гепатоцелюлярды карцинома асқынуы жайлы интерактивті семинар өтті.
. Б. Атчабаров атындағы ҒИИ ФПМ клинико-диагностикалық лабораториясында болған кезде A.Komori институт администрациясымен бауырдың аутоиммунды аурулары, бауыр фиброзы сатыларын лабораториялық зерттеу әдістерін кеңейту жайында және тағы да интеграцияланған ғылыми зерттеу потогенезін анықтау жайын талқылады.
Бірлескен ғылыми қызмет аясында жауапты орындаушылармен консультация жүргізілді. «ҚР халқының денсаулығын дербестендірілген медицина негізінде жақсарту » және «Созылмалы бауырдың диффузды аурулары диагностикасы және ғылыми дәлелденген жобалар» жайында талқыланды.
Гепатология орталығы қызметкерлері профессор A.Komoriмен 8 этиологиясы белгісіз бауыр ауруларымен ауыратын науқастарға консультация жүргізді.
С.Д Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры профессор Н.К Хамзина және клиникалық қызмет саласындағы проректор профессор А.Ж Доскалиев профессор A.Komoriмен кездескенде ҚазҰМУ және Нагасак медициналық орталық арасында ғылыми жобалар және клиникалық жұмыстар жүргізу жайында келіссөз жүргізді.
«Алкогольсіз майлы бауыр ауруы» мультидисциплинарлық мәселе. Диагностика критериилері, мониторинг және емделушілерді емдеу жайында дөңгелек үстел
«Алкогольсіз майлы бауыр ауруы» мультидисциплинарлық мәселе бойынша дөңгелек үстел
Дәрігер–интерндер арасында интерактивті семинар