«Пульмонология» мамандығының 2 курс резиденттері «Темекі шегудің алдын алу » тақырыбында дәрістер өткізді
23-25 қараша 2022 ж. аралығында К.Ж. Байсеитова атындағы Республикалық орта мамандарылған дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатында және жекеменшік “Көкіл” қазақ мектеб-колледжде “Пульмонология” мамандығының 2 курс резиденттері Иматаев Б.Х., Аймағамбет М.Қ. , Түрікбай І.М. “Шылым шегудің алдын алу” тақырыбында дәріс оқыды. Бұл темекінің, никотинды жеткізудің электронды түрлерінің де , сонын ішінде вейптерді де пайдаланатын жастар мен жасөспірімдер санының өсуіне байланысты бүгінгі күні өте өзекті тақырып. Оқушылар темекінің қандай түрлері бар екенін, олардың құрамына не кіретінін, шылым шегудің ағзаға әсері және шылым шегушілерге қандай салдары болатынын білді. Шылым шегуді тастағысы келетін адамға кедергі болатын никотинге тәуелділік және пассивті темекі шегудің маңызды мәселесі де қозғалды. Оқушылар жалпы тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіру арқылы қызығушылықтарын арттырды.