Республикалық студенттік конференция «СOVID – 19 ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ: ЖАҢА ЕКПІНДЕР МЕН БАСЫМДЫҚТАР»
2021 ж. 3 қарашада Қазақ тағамтану академиясының конференц-залында «Covid – 19 және тамақтану: жаңа екпіндер мен басымдықтар» тақырыбында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ «Нутрициология» кафедрасының ұйымдастыруымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Астана медицина университеті, «ОҚМА» АҚ қатысуымен онлайн және офлайн форматта Республикалық студенттік конференция өтті. Іс-шара ғылым және инновация департаментінің жоспарына сәйкес жоспарланған.
Республикалық студенттік конференция Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру аясында қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өткізілді. Аталған конференция тәжірибе алмасуға, ғылыми әлеуетті дамытудың перспективалық бағыттарын айқындауға, сovid-19 пандемиясы кезеңінде тамақтану мәдениетін арттыруға ықпал етуге, ең бастысы халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ университеттің дәстүрлерін сақтау және көбейту, оның тарихын, символикасымен құндылықтарын насихаттау осы конференцияның басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Республикалық студенттік конференция жұмысына «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» ғылыми үйірмесінің ПОҚ және студенттері, «Нутрициология» кафедрасының кураторлық топтары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, АМУ, ОҚМА магистранттары мен студенттері белсенді қатысты.
Конференция қонақтары мен қазылар алқасының мүшелері ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебі деканының орынбасары м.ғ.к. А.Б.Даниярова және «ОҚМА» АҚ «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі П.Д.Утепов болды. Конференцияның модераторы «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. М.С.Қайнарбаева болды. Республикалық студенттік конференцияны академик Шарманов Т.Ш. құттықтау сөзімен ашты, ол СOVID-19 пандемиясы кезінде денсаулықты сақтау және жақсарту үшін тамақтанудың құндылығы мен маңыздылығын атап өтті. Республикалық студенттік конференция жұмысында ҚазҰМУ және АМУ-нің баяндамашылары үш тілде халықтың әртүрлі топтары үшін тамақтану ерекшеліктері, нутриенттер мен нутрицевтиктерді қабылдаудың маңыздылығы туралы айтты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері бейне форматта жүкті әйелдерге арналған тамақтануды қолдаудың қазіргі жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісті. ҚазҰПУ және ОҚМА студенттері өздерінің ЖОО-ның базасында жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша нутриенттердің маңыздылығы туралы айтып берді. Сөз сөйлеуден кейін талқылау болды және келген қонақтар ҚазҰМУ іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, көбірек бірлескен жұмыстар мен тамақтану саласындағы ынтымақтастықты дамытуды тіледі, сондай-ақ осы конференцияны дәстүрлі деп белгілеп, жыл сайын ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Нутрициология кафедрасының меңгерушісі М.С.Қайнарбаева қатысушыларды құттықтап, белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, номинациялар бойынша жеңімпаздарға сертификаттар табыс етті.