Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы
«Рухани Жаңғыру» – қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет.
Өз отаныңның, өз елінің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз. Осы міндетті жас ұрпақтың санасына сіңіре білуіміз қажет.
Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар. Жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, олардың әлеуметін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген.
Осыған орай Университетіміздің ректоры, Қазақстан Республикасы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сейітжанұлы Нұрғожиннің басшылығымен көптеген іс-шаралар, елімізге белгілі тұлғалармен кездесулер өткізіліп жатыр.
5-сәуір 2019 жылы клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Қайролла Дүйсенбайұлы Рахимовтың жетекшілігімен, кафедра ассистенті Нургазиева Г.Е., кафедра магистранты Абуова Ж. және «жалпы медицина» мектебінің 5-курс ЖМ 27-2 Қ. студенттерінің ұйымдастыруымен «Ішкі аурулар» университеттік клиникасында «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынға әдебиеттанушылар мен журналисттер, кафедра ұжымы, студенттер қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс PhD-докторанты, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, әдебиеттанушы Ахметова Айнұр «Кибер ғасырдағы сөз өнері» атты, ал журналист, әдебиеттанушы Төлеу Айнұр «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбына баяндама жасады.
Студенттер өз өнерлерін көрсетті, ойындар ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы жиынды қорытындылай келе қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жас ұрпақтың рухани дамуы еліміздің болашағы үшін маңызды екенін, Отанымыздың қарыштап дамуына өз үлестерін қосатынына сенім артатынын атап өтті. Осы іс-шараны ұйымдастырушыларды, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапаттады. Студенттер осы іс-шара барысында бірінші Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда дайын екендерін көрсетті. Ұлттық рухтың оянып, еліміздің көркеюіне күш салатындарын дәлелді.