«Салауатты тамақтанудың түрлі-түсті табақшасы» қалалық фестивалі
5 желтоқсан 2025ж. Тұрақты даму мақсаттары мен мамандыққа кәсіби бағдарлау аясында, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің академик Т. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасы ПОҚ-ң ұйымдастыруымен Алматы қ. №120, 132 және №25 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Салауатты тамақтанудың түрлі-түсті табақшасы» қалалық фестивалі өтті.
Фестиваль мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарының 3-ші «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және 4-ші «Сапалы білім» мақсаттарын жүзеге асыруда, жасөспірімдер арасында білім беру мен салауатты тамақтануды насихаттап, денсаулықты сақтаудағы дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруды көздеді.
Шараға демеу көрсеткен: Herbalife компаниясы, ЖШС “Market Group Kazakhstan”.
Фестивальді ҚазҰМУ «Қоғамдық денсаулық» және «Фармация» мектебінің 3-курс студенттері жүргізіп, жастар арасында салауатты тамақтану идеяларын белсенді түрде насихаттады.
Іс-шараға жоғарғы сынып оқушылары мен мектеп әкімшіліктері, Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері қатысты.
Мектеп оқушылары шараға аса қызығушылықпен, тиімді тамақтану негіздерімен терең танысып, сондай-ақ, медицина саласындағы мамандықтарға қызығушылық танытқандары студенттер мен мамандардан құнды кеңес алды.
Фестиваль аясында: интерактивті форматта квест, жеміс-жидектерден арт- композициялар, т.б. балаларды дұрыс тамақтануға ынталандыратын ерекше қызықты байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Шара соңында фитнес жаттықтырушы, республикалық, қалалық байқау жеңімпазы – Сапарбаев Бако барлық қатысушылармен сергіту сәтін, бойжазба – флешмоб ұйымдастырды.
Аталмыш фестиваль, қазіргі жастардың денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауына маңызды үлес қосатыны сөзсіз.












