СЕГІЗ ҚЫРЛЫ СӘКЕН
23.10.2024 жылы Университетіміздің «Профессор Ю» атындағы дәрісханасында «Қазақсан Республикасы күні» мерекесі қарсаңында көрнекті қоғам қайраткері, ақын, жазушы, ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым-педагог, композитор Сәкен (Садуақас) Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Сегіз қырлы Сәкен» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Кешті Халықаралық медицина мектебінің деканы Н.Ж.Жардемалиева, Тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор А.Т.Бақтыбаева, кафедраның қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушылар Т.Қ.Зайсанбаев пен Ф.Б.Қожахметова, кафедра лекторы Б.Н.Канленова және Ортодонтия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Р.И.Құлманбетов, Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімінің меңгерушісі С.А.Елеукенова, кітапханашы Н.С.Омаровалар бірлесіп өткізді.
«Қазақсан Республикасы күні» мейрамына орай өткізілген кештің мақсаты – өткен ғасырдың аумалы-төкпелі қиын заманында халқына адал қызмет етіп, халқы үшін жанын қиған Сәкен Сейфуллиннің ғибратты ғұмырымен бүгінгі ұрпақты таныстырып, осы көрнекті тұлғаның жарқын бейнесін ашып көрсету болды.
Кеш шымылдығын ашқан Әлеуметтік тәрбие жұмыстары департаменті, Тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Байғараев Жасұлан Әбдімүтәліпұлы С.Сейфуллинннің қайраткерлігіне, қоғамдық қызметтеріне тоқтала келіп, сол бір қатыгез заманның құрбандары болған алаш азаматтарының есімдерін мәңгілік есте сақтауға және оларды ұрпаққа үлгі ету макқсатында университетімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Бұдан кейін Медицина мектебі 1-курс, 24-038-тобының студенті Ермекбаева Диана «Еңіреп туған елім деп …» деген тақырыпта жасаған баяндамасында С.Сейфуллиннің қоғамдық қызметтеріне тоқталды. Ал Медицина мектебі 1-курс, 24-038-тобының студенті Құмар Амина «Сегіз қырлы, бір сырлы тұлға» атты баяндамасында Сәкен Сейфуллиннің ақындық, жазушылық, ғалымдық және композиторлық, әншілік қырларын ашып көрсетті.
Сөз кезегін алған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1-курс магистранты Әшім Айшагүл С.Сейфуллин поэзиясының ерекшеліктері және оның қазақ поэзиясына қосқан жаңашылдығы туралы өте тартымды баяндама жасады.
Сәкен Омбы түрмесінен қашып шығып, арып-ашып еліне жеткенімен, елінде тыныштық таба алмағандықтан, Бетпақдаланы кешіп өтіп, Әулиеата жақты паналайды. Міне, сол кезде елін өзі ғана емес, астындағы аты да сағынғанын байқайды. Атының жай-күйін өзінің жағдайымен салыстыра суреттейтін «Күрең атқа» деген өлеңін Медицина мектебі 1-курс, 24-038-тобының студенті Жарасова Айя оқыды.
Медицина мектебі 1-курс, 24-048-тобының студенті Абдразақ Назым жаны нәзік, лирик ақынның «Ақсақ киік» атты поэмасынан үзінді оқыды.
Сәкеннің «Тау ішінде» және «Біздің жақта» атты әндерін Тілдік пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы орындады.
Кешті қорытындылаған Т.Қ.Зайсанбаев осы кештің өтуіне зор үлес қосқан Халықаралық медицина мектебінің деканы Н.Ж.Жардемалиеваға, Стоматология мектебінің деканы, м.ғ.д., профессор С.С.Есембаеваға, Ортодонтия кафедрасының меңгерушісі Р.И.Құлманбетовке, Тілдік пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т.Бақтыбаеваға, Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімінің меңгерушісі С.А.Елеукенова мен кітапханашы Н.С.Омароваға және кешті жүргізген Медицина мектебі 1-курс, 24-038-тобының студенттері Жарасова Айя мен Марифоға Жанонға, сондай белсене қатысқан басқа да студенттерге алғыс білдірді.
Тілдік пәндер кафедрасының лекторы Б.Н.Канленова