Сәулет ескерткіші болып табылатын ҚазҰМУ ғимараты, тек университетке қарасты ғана қолданылатын болады
Алматы Мемлекеттік медициналық институты ғимараты (қазір – С.Ж. Асфендияров атындығы Қазақ Ұлттық медицина университеті) 1930 жылдары А.Гегелло мен Д.Кричевский сәулетшілердің жобасы бойынша тұрғызылған, Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бірі болып табылады. Аталмыш ғимарат республикалық меншікте және ол тек университет студенттерін оқыту мақсатында ғана қолданылатын болады.
Алты кафедраның жоспарлы көшірілуі оқу жүйесін оңтайландыру бойынша ұйымдастырылып отыр. Бірнеше жалға алынып отырған ғимараттардың орнына Жамақаев көшесінде орналасқан жаңа ғимарат қолданысқа беріледі.
Студенттер жаңа, кең, ыңғайлы аудиторияларда білім алатын болады.
Соңғы күндері кейбір тұлғалар оқу орнымыздың тарихи ғимараттары клиникалар құрылысына босатылады деген мәліметтер таратуда. Осыған орай, ҚазҰМУ әкімшілігі университеттің имиджі мен беделіне зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына өтініш береді.
Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өткіміз келеді. Сенімді ақпарат алу үшін Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне жүгінуіңізді сұраймыз.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі