С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті бірінші проректор бос лауазымына іріктеу өткізілетіні туралы жариялайды
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі, 94.
Бос лауазымның атауы: Бірінші проректор
Функционалдық міндеттердің қысқаша сипаттамасы:
- Мынадай мәселелердi үйлестіреді:
1) Университеттің білім беру, ғылым және клиникалық қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Университет қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Университеттің даму стратегиясын, даму бағдарламаларын және даму жоспарын тиімді іске асыру;
3) Университеттiң оқу, ғылыми, клиникалық, бiлiм беру қызметiнiң және халықаралық жұмысының сапасы мен тиiмдiлiгiн бақылау;
4) жоғары кәсіптік білімді дамытудағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, материалдық-техникалық базаның жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
5) университеттің барлық клиникалық кафедраларында академиялық және ғылыми -зерттеу (ғылыми) қызметін енгізу, сондай-ақ клиникалық қызметті жүзеге асыратын оқытушылар құрамының клиникалық пәндерді оқытуға бағытталған тиісті іс-шараларды қабылдауы;
6) жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлеу және бекіту;
7) жетекшілік ететін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
8) жетекшілік ететін мәселелер бойынша еншілес ұйымдардың, сенімгерлік басқару объектілерінің, құрылымдық бөлімшелердің, Университеттің аумақтық филиалының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
9) университеттің жоғары тұрған басқару органдарына, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша тиісті материалдар мен құжаттарды уақтылы беруді қамтамасыз ету.
- Академиялық, ғылыми және клиникалық қызметке жетекшілік ететін проректорлардың қызметіне жалпы бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
- Университеттің жарғысына және басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өз қызметі шеңберінде өзге де функцияларды орындайды.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
1) қызмет бейіні бойынша жоғары білімі болуы;
2) ғылыми дәрежесінің немесе PhD докторы академиялық дәрежесінің болуы;
3) денсаулық сақтау немесе жоғары білім беру саласындағы жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.
Іріктеуге қатысуға келесі азаматтар жіберілмейді:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) заңда белгіленген тәртіппен, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) ҚР заңнамасында көзделген басқа жағдайларда.
Іріктеуге қатысқысы келетін азаматтар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) нысан бойынша қызметтік тізім;
3)іріктеуге қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері*.
*шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі. сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;
*«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
*өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) ғылыми/академиялық дәрежесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар;
7) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);
8) Алдағы 5 жылға арналған университет қызметінің жетекшілік ететін бағытын дамыту бағдарламасы;
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Іріктеуге қатысуға өтініш білдірген тұлғалар өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, куәліктер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын басқа да мәліметтер) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша Адам ресурстарын дамыту департаментінде немесе [email protected] электрондық поштасы бойынша жүзеге асырылады.
Іріктеу орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1-корпус (ректорат), 3-қабат, кіші зал.
Іріктеу өткізілетін уақыт: қосымша хабарланады
Анықтама телефоны: 87273387080 ішкі. 7080, 7021.


