«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың конкурсын жариялайды
Бос лауазымның атауы:
– Магистратура және докторантура бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
– Жоғары білім болуы,
– Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің немесе PhD философия докторы (бейіні бойынша) қалау бойынша;
– Басшылық лауазымда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
Келесі құзыреттердің болуы:
– Дерексіз ойлау қабілеті;
– Өзін-өзі дамытуға дайындық;
– Талдау және синтездеу қабілеті;
– Өзін-өзі жүзеге асыруға және шығармашылық әлеуетті пайдалануға дайын болу;
– Стандартты емес жағдайларда әрекет етуге дайын болу, қабылданған шешімдер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті көтеру;
– Шығармашылық белсенділік танытуға дайын болу;
– Шешендік өнерді меңгеру;
– Халықаралық ортада жұмыс істей білу;
– Педагогикалық шеберліктің негізгі тәсілдерін меңгеру;
– Жас психологиясын білу.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7024 телефоны арқылы алуға болады.