«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ («ҚОРҒЗИ» АҚ) Директорлар кеңесінің (ДК) құрамына тәуелсіз директорлар лауазымына кандидаттарды іріктеудің өткізілетіні туралы хабарлайды
Іріктеуді өткізу (конверттерді ашу) күні: 29.06.2026 ж.
Өткізілетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі, 94, 1-корпус, ректорат корпусы, 3-қабат, кіші конференция залы.
Лауазымның атауы: тәуелсіз директор
Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050022, Алматы қ., Абай даңғылы, 91.
Қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
-Эксперименттік, клиникалық және статистикалық зерттеулер жүргізе отырып, онкология, сәулелі диагностика және сәулелі терапия, ядролық медицина саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар.
-Стационарды алмастыратын технологияларды пайдалану және қазіргі заманғы медициналық технологияларды, ядролық медицинаның тиімді, нәтижелі-инновациялық әдістерін қолдану арқылы жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
-Денсаулық сақтау ұйымдарына емдеу-диагностикалық және ұйымдастырушылық мәселелер, онкология, сәулелі диагностика және сәулелі терапия, ядролық медицина саласындағы жаңа технологияларды енгізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
-Онкологиялық қызметті дамыту бойынша стратегияны және нормативтік құқықтық базаны әзірлеуге қатысу.
-Республиканың онкологиялық қызметінің қызметін үйлестіру.
-Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша скринингтік бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және олардың мониторингі.
-Қатерсіз, қатерлі ісіктерді, фондық процестерді және басқа да ауруларды анықтау бойынша жағындыларды жаппай бояудың озық әдістерін пайдалана отырып, клиникалық-диагностикалық, цитологиялық, гистологиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізу.
-Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандарын онкологиялық аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды ерте анықтаудың өзекті мәселелеріне оқыту, халықтың мақсатты топтарын онкологиялық ауруларды анықтауға скринингтен өткізу үшін мамандар даярлау, резидентурада, магистратурада, докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;
-АҚ Жарғысына сәйкес қызметтің басқа да түрлері.
ДК тәуелсіз директорының кандидаттарына қойылатын талаптар:
1) Қызметкерлер саны 500 адамнан кем емес ұйымда басқарушы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2) Акционерлік қоғамдардың және тиісті саланың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін білуі.
Қоғам ДК-нің тәуелсіз директоры болып мынадай тұлға сайлана алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлға;
2) осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылатын және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда) солай болған тұлға, осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғаларына қатысты аффилирленген тұлға болып табылатын тұлға;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылатын ұйымның лауазымды тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты тұлға және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында аталған тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты болған тұлға;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлға;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында солай болған тұлға;
6) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатысқан және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында осындай аудитке қатысқан тұлға.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар қағаз тасығышта мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі (резюмесі);
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және коррупциялық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге оның мүшелігін растайтын құжаттар;
8) осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды) ұсына алады.
Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын конвертке салып желімдейді және оған «Түпнұсқа» деген белгі қояды.
Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып желімделеді.
Ішкі және сыртқы конверттерде:
1 «ҚазҰМУ» КеАҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «ҚазҰМУ» КеАҚ-на бағытталуы;
2 «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу» және «29.06.2026 ж. 09.00 дейін ашуға болмайды» («ҚазҰМУ» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты) деген сөздер болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 050000, Алматы қ., Төле би көшесі, 94, ректорат корпусы, 227-кабинет (2-қабат), Корпоративтік дамыту басқармасы. Анықтама телефоны: 338-70-80 ішкі. 71-97, комиссия хатшысы Федорова Екатерина Игоревна.


