«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ («А.Н.Сызганов атындағы ХҰҒО») АҚ Директорлар кеңесінің (ДК) құрамына тәуелсіз директорлар лауазымына кандидаттарды іріктеудің өткізілетіні туралы хабарлайды
Іріктеуді өткізу (конверттерді ашу) күні: 29.06.2026 ж.
Іріктеуді өткізу (конверттерді ашу) орны: Алматы қ., Төле би көшесі, 94, 1-корпус, ректорат корпусы, 3-қабат, кіші конференция залы.
Лауазымның атауы: тәуелсіз директор
Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 62.
Қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
-Жоспарлы және шұғыл хирургия саласында мамандандырылған және жоғары білікті емдеу-диагностикалық стационарлық, стационарды алмастыратын және емханалық көмек, үй жағдайында медициналық көмек көрсету.
-Магниттік-резонанстық және компьютерлік томографияны қоса алғанда, сәулелі диагностика, радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық диагностика, патологиялық анатомия және цитология.
-Бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және иммундық-ферменттік (ИФА) зерттеулер, жалпы клиникалық, серологиялық, патологиялық зерттеулер, ПЦР-диагностика.
-Ересектер мен (немесе) балалар тұрғындарына акушерлік және гинекология, неонатология, аллергология, кардиология, гастроэнтерология, гепатология, нефрология, пульмонология, онкология, стоматология, неврология, эндокринология мамандықтары бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек, соның ішінде үй жағдайында медициналық көмек көрсету.
-Қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің, ЛОР-мүшелердің, несеп шығару жүйесі мүшелерінің, репродуктивті және эндокриндік мүшелердің, сондай-ақ адамның басқа да мүшелері мен жүйелерінің ауруларын, соның ішінде хирургиялық ауруларды диагностикалау және емдеу, реконструктивті пластикалық хирургия, мүшелер мен тіндерді транспланттау, микрохирургия, анестезияның жаңа түрлері, қарқынды терапия және реаниматология, зертханалық іс саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру және оларды практикаға енгізу.
-Медицина және хирургия саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.
-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хирургиялық және өзге де медициналық қызметті жүзеге асыратын мекемелердің практикасына медицина ғылымының жетістіктерін енгізу.
-Мемлекеттік тапсырыс негізінде және шарттық талаптарда магистратура, докторантура арқылы ғылыми кадрларды даярлау, резидентурада медициналық кадрларды даярлау, хирург-дәрігерлердің және басқа мамандықтағы дәрігерлердің біліктілігін арттыру.
-АҚ Жарғысына сәйкес қызметтің басқа да түрлері.
ДК тәуелсіз директорының кандидаттарына қойылатын талаптар:
1) Қызметкерлер саны 500 адамнан кем емес ұйымда басқарушы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2) Акционерлік қоғамдардың және тиісті саланың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін білуі.
Қоғам ДК-нің тәуелсіз директоры болып мынадай тұлға сайлана алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлға;
2) осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылатын және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда) солай болған тұлға, осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғаларына қатысты аффилирленген тұлға болып табылатын тұлға;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылатын ұйымның лауазымды тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты тұлға және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында аталған тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты болған тұлға;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлға;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында солай болған тұлға;
6) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатысқан және оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында осындай аудитке қатысқан тұлға.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар қағаз тасығышта мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі (резюмесі);
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және коррупциялық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге оның мүшелігін растайтын құжаттар;
8) осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды) ұсына алады.
Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын конвертке салып желімдейді және оған «Түпнұсқа» деген белгі қояды.
Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып желімделеді.
Ішкі және сыртқы конверттерде:
1 «ҚазҰМУ» КеАҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «ҚазҰМУ» КеАҚ-на бағытталуы;
2 «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу» және «29.06.2026 ж. 09.00 дейін ашуға болмайды» («ҚазҰМУ» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты) деген сөздер болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 050000, Алматы қ., Төле би көшесі, 94, ректорат корпусы, 227-кабинет (2-қабат), Корпоративтік дамыту басқармасы. Анықтама телефоны: 338-70-80 ішкі. 71-97, комиссия хатшысы Федорова Екатерина Игоревна.


