«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды: Комплаенс-офицер
Бос лауазымның атауы:
Комплаенс-офицер – 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
– Мамандандырылған бағыттар бойынша жоғары білім: құқықтану, қаржы, экономика, менеджмент;
– Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша не мемлекеттік қызметте, не құқық қорғау органдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» (ЖМК) сертификатының және ISO 37001:2016 халықаралық стандартының немесе осыған ұқсас сертификаттаудың болғаны жөн.
Келесі құзыреттердің болуы:
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және студенттік ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне және университеттің, оның қызметкерлерінің қызметіне нөлдік төзімділікті арттыру бойынша шараларды әзірлеу және бақылауды жүзеге асыру.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7022