«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды: Пайдалану жұмыстары департаментінің (ПЖД) Шаруашылық бөлімінің маманы
- Бос лауазымның атауы: Пайдалану жұмыстары департаментінің Шаруашылық бөлімінің маманы -1 бірлік.
Негізгі біліктілік талаптары: жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері:
– аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың қасбеттерін, өту жолдарын мерекелік көркемдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
– ағаштарды санитарлық кесу және бұзу шарттарының орындалуына бақылау жүргізу;
– университет қоймасына қойылған материалдар мен негізгі құралдардың сапасын тексеру;
-объектіні жалға беруді, сондай-ақ объектіні қайтару бойынша (қабылдау-тапсыру актісі бойынша) қамтамасыз ету;
– өткізілетін кеңестерге, конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау;
– табельдік есепті ұйымдастыру, демалыс кестесін және жұмыс күн тәртібін жасау бойынша жұмыстарды орындау.
Болжамды жалақы: 204000 теңге.
Түйіндемені қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7023 телефоны арқылы алуға болады.