«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды:
Бос лауазымның атауы:
– Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
– кафедра бейіні бойынша жоғары білімнің болуы;
– ғылым докторы/кандидаты/PhD докторы дәрежесінің және ғылыми атағының болуы;
– білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымында 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
Келесі құзыреттердің болуы:
– оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат);
– соңғы 3 жылдың ішінде білім беруде менеджмент бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
– соңғы 3 жылдың ішінде педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
– ағылшын тілінде оқытатын топтарда сабақ жүргізу үшін ағылшын тілін меңгергені және TOEFL – 525, IELTS – 5,5 немесе шетелдік жоғары оқу орнының ағылшын тіліндегі білімі туралы құжаты болғаны жөн.
Лауазымдық міндеттері:
Кафедра меңгерушісі қызметін атқаратын қызметкерге мынадай лауазымдық міндеттерді орындау жүктеледі:
1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) ғылыми және оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) кафедрада студенттердің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие, өндірістік жұмысы мен практикасына басшылықты жүзеге асырады;
4) оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді, оқытуда техникалық құралдарын қолдануды, кураторлардың тәрбие жұмысын, кафедралардың жұмыс жоспарларын, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын, кафедраның оқу пәндерінің жұмыс бағдарламаларын орындауды, профессор-оқытушылар құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемесін орындауды, дәріс, зертханалық, практикалық сабақтарды, семинарларды, оқу, өндірістік сабақтарды өткізуді және диплом алдындағы практика бақылауды жүзеге асырады;
5) кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысын болашаққа жоспарлау, оқытушылардың ғылыми-әдістемелік кеңестерін, семинарларын, ашық сабақтарын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
7) кафедра отырыстарында төрағалық етеді;
8) кафедра қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын жариялауға ұсынады;
9) жоғары оқу орнының басшылығына белгіленген мерзімде кафедраның жұмысы бойынша есеп береді;
10) оқыту:студенттік орталықтандырылған оқытужәнебағалауқағидаларынескереотырып, оқусабақтарыныңбарлықтүрлерінұйымдастыружәнеөткізу; білім,ғылымжәнеинновациялардыңинтеграциясынескереотырып, оқытылатынпәндер бойынша оқу-әдістемелікматериалдардыәзірлеу;білім беру бағдарламаларынәзірлеужәнеғылымимектептердідамытуүшінжаңабағыттардыайқындау;жоғарыжәнежоғары оқу орнынан кейінгі заманауипарадигмалардыңөзектіидеяларыменинновацияларынпрактикада іске асыру (жоғарыжәне жоғары оқу орнынан кейінгібілім беру бағыты бойынша); әлемдіктрендтергесәйкес(жоғарыжәне жоғары оқу орнынан кейінгібілім беру бағыты бойынша)білім беру процесінепедагогикалықинновациялардыенгізу.
11) ғылымизерттеулер жүргізу:ғылыми-зерттеужәнетәжірибелік-конструкторлық,оныңішіндепәнаралық,халықаралық(зерттеунәтижелерінкейінненкоммерцияландыра отырып) жұмыстарды орындауғабастамашылық жасау,басшылық ету және/немесеқатысу;жоғарыжәне(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгібілім беру ұйымдарыныңбілім беру ортасындағылымимектептіұйымдастыружәнеілгерілету; жоғарыжәне(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгібілім беру ұйымдарының(институттар,орталықтар,кафедралар,ғылымизертханалар)құрылымдықбірліктерініңғылымибағыты бойынша ғылыми-зерттеужұмыстарынұйымдастыру,жетекшілік ету жәнеқатысу; ғылыми нәтижелілікпенжариялаубелсенділіктіарттыру;ұлттықжәнехалықаралықдеректербазаларымен жұмыс істеу;ғылымижобаларғабасшылық жасау/консультация беру кезіндезерттеулердіңтиістісапасынқамтамасыз ету,зерттеу.
12) ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру: барлық деңгейдегі әдістемелік комиссиялар мен кеңестердің құрамында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, басқару және оған қатысу; жетекшілік ететін пәндердің әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылау; білім беру процесінде инновациялық ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану; іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау; ғылыми-зерттеу мектептерін қалыптастыру және дамыту.
13) Білім алушы жастардыәлеуметтендіру: ЖЖОКБҰ саясатыменрәсімдерінесәйкесбілім беру ортасынжәнеұйымдықмәдениеттіқолдаужәнедамыту; білім алушылардың азаматтықжәнекәсіптікбелсенділігінарттыруғаықпал ету;академиялықадалдықпенпарасаттылыққағидаларынсақтау;білім алушылардың таңдағанкәсібінетұрақтықызығушылығынқалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсықызметқағидаларынсақтау.
14) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің стейкхолдерлерімен өзара әрекеттесу: білім алушылармен кәсіптік-педагогикалық коммуникацияны қамтамасыз ету; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әріптестерімен және қызметкерлерімен іскерлік, конструктивті байланысты (оның ішінде топтық және коллаборативтік) құру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасына кепілдік беру жөніндегі алқалы органдарда (академиялық комитеттер) жұмыс істеу; білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасының кепілдігі бойынша құрылымдарда жұмыс істеу; даярлау бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7022