«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды:
Бос лауазымның атауы:
– Студенттерді қабылдау басқармасы маманыны – 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
Жоғары білімінің болуы;
Кемінде екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы;
Келесі құзыреттердің болуы:
– жауапкершілік;
– қызмет бейіні бойынша үздіксіз даму;
– кәсіпқойлық (білім мен дағдылар);
– нәтижеге бағдарлау;
– ұжымда жұмыс істей білу;
– мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Келесі құзыреттердің болуы:
– Студенттерді қабылдау басқармасының даму стратегиясын әзірлеуге қатысу;
– Университеттің сапа саясатын және сапа менеджменті жүйесінің белгіленген талаптарын орындау, бөлімше қызметінің мәселелерін реттейтін университеттің нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 1 курсқа студенттер контингентін қалыптастыру бойынша қабылдау науқанының дайындық кезеңін өткізуге қатысу.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7024