С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Ашық есік күні өтті
2016 жылдың 25 наурызында Кәсіби-бағдар, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығы факультет декандарымен бірге Ашық есік күні-2016 шарасын өткізді. Бұл шараға Талдықорған қаласының Қазақ-түрік лицейінен 12 оқушы, Қазақстандық «Достық» білім беру орталығының Алматы қаласы және Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Өскемен қалаларындағы бөлімшелерінен 47 оқушы келді.
Ашық есік күні сағат 10.00-де оқушылармен қарсы алу және қонақтарды тіркеуден басталды. №7 аудиторияда ҚазҰМУ-дің факультет өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне маман дайындау бағыттары, оқуға түсу мен құжат тапсыру ережелері туралы кеңестер, факультеттер мен мамандықтар жайлы ақпараттар берілді. Кездесуде факультет өкілдері сөз сөйледі: «Жалпы медицина» факультетінен – студенттік декан Нурқожа Айдана, «Стоматология» – деканның орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызы, «Мейірбике ісі» – «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының оқытушысы Кайдауылов Мұхтар Кенжебекұлы, «Фармация» – «Фармацевт-технолог» модулінің оқытушысы, PhD докторы Ибадуллаева Ғалия Саруарқызы және студенттік декан Улжан Мұхамедсадық, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінен – студенттік декан Дабаров Абзал.
Аталған шараның екінші жартысында балаларға ҚазҰМУ тарихы мұражайын, Анатомиялық мұражайды, Тәжірибелік дағдылар орталығын, ҚазҰМУ ескерткіштері мен аллеяларын қамтыған Университет бойынша саяхат ұйымдастырылды. Ашық есік күні-2016 достық пейілде жақсы өтті, балалар мен олардың жетекшілері Университетпен танысып, оның мәдени өмірін көруге мүмкіндік жасағаны үшін, университет туралы берілген ақпаратқа, болашақ мамандық таңдауға ықпал еткені үшін ҚазҰМУ-ң ұжымына алғыс айтты. Ашық есік күні-2016 жабылуында Кәсіби-бағдар, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығы өз кезегінде Университет атынан балалар мен оқытушыларға өткізілген іс-шара үшін алғыс білдірді.
Кәсіби-бағдар, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығы осы іс-шараның өтуіне белсене қатысқаны үшін әріптестерге – ҚазҰМУ қызметкерлеріне өз алғысын білдіреді.