«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру грант бойынша конкурсы
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ ақылы негізінде білім алушыларға, жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына (Қосымша 1) қатысуға тілек білдірушілер 2025 жылдың 15 желтоқсанынан 2025 жылдың 30 желтоқсанға дейін білім беру гранты бойынша оқуға өтініш беруі қажет:
– ЖОО басшысының атына өтініш жазу және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу (құжаттарды деканатқа тапсыру қажет және «Сәлем Офис» жүйесінен тіркеуден өткізу);
– АИС HSS -тағы жеке кабинеті арқылы өтініш беру.




