«Таза Қазақстан – 2026» аясында ЭКО-ЧЕЛЛЕНДЖ өтті
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде БҰҰ-ның ТДМ-12 («Жауапты тұтыну және өндіріс») шеңберінде экологиялық және ақпараттық-тәрбиелік ЭКО-ЧЕЛЛЕНДЖ акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Медико-профилактикалық іс» ББ 3-курс және «Қоғамдық денсаулық сақтау» ББ 4-курс студенттері қатысты.
Студенттер макулатура, пластик және пайдаланылған киімдерді жинап, оларды қайта өңдеу және қайырымдылық мақсаттарына бағыттады.
Акцияға Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Қасыметова Бақытгүл Техниковна қатысып, студенттерді «Таза Қазақстан – 2026» бастамасы аясындағы қалалық хакатонға белсенді қатысуға шақырды.
Т.Ш.Шарманов атындағы Нутрициология кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Қайнарбаева Майгүл Сейдоллаевна бастаманың жастар арасында экологиялық мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Ұйымдастырушылар:
Бейсенбинова Ж.Б., Қожахметова А.Н., Құсайынова Э.И.,
Текманова А.К., Айтманбетова А.А.
Эко-челлендж университеттің басқа кафедраларына жолданды.






