Республикалық терминологиялық конференция «Терминдерді біріздендіру мәселелері»
Семей қаласында 2018 жылғы 28 қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің терминологиялық комиссиясының қатысуымен «Терминдерді біріздендіру мәселелері» атты Республикалық терминалогиялық конференция өтті.
Конференцияны өткізу негіздемесі: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 38 бұйрығымен бекітілген ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5-тармағын орындау және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 580 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясының жұмысын жандандыру.
Конференцияға медициналық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері және тілші ғалымдар қатысты. Салалық терминдердің қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген ғалымдар мен сала мамандары қазіргі кезеңдегі медициналық терминдерді біріздендіру мәселесін шешу жолындағы өз пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды.
Олар:
Жүнісов Е.Т. – Семей Мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор;
Алдангорова А.Ә. – ҚР ДСМ Әкімшілік департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы; Баяндама тақырыбы:Медициналық терминдерді латын әліпбиіне сәйкес біріздендіру;
Азанбаева Г.М. – ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі Тіл саясаты комитетінің бас сарапшысы ;
Ахметов Ж.Б – ҚР ДСМ Комиссия төрағасының орынбасары, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, патологиялық анатомия кафедрасының профессоры; Баяндама тақырыбы: Халел Досмағанбетұлы қазақ медициналық терминологиясын қалыптастырушы;
Алдангорова А.Ә. – ҚР ДСМ Әкімшілік департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы; Баяндама тақырыбы:Медициналық терминдерді латын әліпбиіне сәйкес біріздендіру;
Ысқақова Б.Д. – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының терминология және ономастика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.қ; Баяндама тақырыбы: Қазақ терминологиясын дамытудағы жаңа көзқарастар;
Мұхамбедия Ахметов – ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология Комиссиясы мүшесі, «Астана медицина университеті» АҚ мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің бастығы, м.ғ.к., профессор; Баяндама тақырыбы: Медициналық терминдерді аударғанда жиі кездесетін қателіктер;
Шәкенов Б.Ш. – ҚР ДСМ Комиссия мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қалыпты анатомия кафедрасының доценті; Баяндама тақырыбы: Анатомиялық терминдерді біріздендіру жолдары;
Түсіпқалиев Б.Т – ҚР ДСМ Комиссия мүшесі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, балалар аурулары кафедрасының профессоры; Баяндама тақырыбы: Терминологиялық топтар жұмысын онтайландыру мәселелері;
Сәлім Е.Қ. – ҚР ДСМ Комиссия мүшесі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы, қазақ тлі мен латын тілі курсының меңгерушісі; Баяндама тақырыбы: Фармацевтикалық терминдер сөздігін жасаудағы ерекшеліктер;
Рахыжанова С.О. – ҚР ДСМ Комиссия мүшесі,Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, физиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к; Баяндама тақырыбы: Медицина саласында білім берудегі көптілділік мәселесі
Жорокпаева М.Д. – Семей қаласының медицина мемлекеттік университеті, филологиялық пәндер кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.к; Баяндама тақырыбы: Медициналық терминдерді біріздендіру мәселесі
Конференция шешімі:
- Конференцияға қатысушы мамандардың баяндамалары назарға алынсын.
- Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдар, ҒЗИ және ұлттық орталықтар, денсаулық сақтау ұйымдары мемлекеттік тілде әдістемелік және ғылыми материалдарды шығару барысында республикалық терминкомның бекіткен терминдерін тұрақты негізде пайдалансын. Мерзімі – тұрақты.
- Медициналық сөздіктер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды ҚР ДСМ жанындағы терминкомның сараптамасынсыз баспа жіберуге шектеу қою ұсынысы мақұлдансын. Мерзімі – тұрақты.
- Медициналық ЖОО-да латын тілі негізгі пән ретінде мемлекеттік білім беру стандартына енгізу ұсынылсын.Мерзімі –2019-2020жылдар.
- Медициналық жоғары орындарында мемлекеттік тілді дамыту бөлімі ашылсын. Мерзімі 2018 жылғы желтоқсан.
Қазіргі кезендегі негізгі мақсат еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының, колледждерінің және де басқа медициналық ұйымдардың арасындағы байланысты тұрақты түрде қалыптастыру болып табылады. Себебі, конференциялар өтеді, шешімдер қабылданады, бірақ олар орындалмайды. Сондықтан белгілі бір терминдер тізбесі (мысалы, ішек бөліктерінің атаулары) жасалып, медициналық ұйымдарға таратылуы қажет. Олардың осы терминдер тізбесі жөніндегі пікірлері жинастырылып, електен өткізіліп, қайтадан сол ұйымдарға жіберілуі қажет. Содан кейін ғана барып іріктелген терминдер Үкіметтің терминологиялық комиссиясына ұсынылуы керек.