Түркі өркениетінің генезисі
2022 жылдың 26 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жалпы медицина-1 мектебінің екінші курс студенттерімен «Түркі өркениетінің генезисі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Корпоративтік даму жөніндегі проректор Убайдилла Махамбетович Датхаев мұндай іс-шаралар өз халқының тарихын тереңірек білуге және патриотизмді қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. «Біздің еліміздің тарихында ақ дақтар жыл санап азайып келдеі. Тек өз тарихымызды біле отырып, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз» – деді.
ҚР БҒМ ҒК М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты «Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығының директоры. Түркітанушы, филология ғылымдарының кандидаты Төрəлі Қыдыр баяндамасы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Белгілі түркітанушы студенттерге «түркі» сөзінің шығу тарихы, түркі халықтарының тарихы, түркі мәдениетінің ұлы ескерткіштері, қоныстанудың қазіргі географиясы және түркі халықтарының бүгінде қалай ынтымақтасып отырғаны туралы айтып берді. «Түркі әлемі өзінің қайталанбас өркениетін құрды және әлемдік мәдениетке үлкен үлес қосты»- деді ғалым
Шараның қорытынды сөзі Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Нагайбаева Зауреш Арстамбековнаға берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жобалар жүзеге асырылып, соның нәтижесінде «Ұлы Дала» тарихы бойынша бірегей деректер анықталғанын атап өтті. «Біздің студенттер бүгін Түркі өркениеті және, тиісінше, еліміздің тарихы туралы көп нәрсе білді» – деді кафедра меңгерушісі және университетіміздің атынан қонағымызға арнайы сыйлық табыс етті.
Іс-шараны жастар саясаты басқармасы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.