ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ: НАҚТЫ ҚАДАМ
Мақсаты: «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» адамзаттың болашағын толық әрі жан-жақты сала бойынша қамтуға мүдделі.
Қазіргі таңда әлем елдері қабылдаған жаһандық жетекші құжат болып табылатын қоғамның әр саласының тұрақты болашағына қол жеткізу жоспары» ретінде әзірлеген 17 өзара байланысты мақсаттар жиынтығы бағытында жер жерде, әр түрлі бағыттарда іс шаралар жүргізілуде.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Халықаралық медицина факультеті мен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасында 20 қыркүйектен бастап «КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ» клубының «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» бағытын қолдау мақсатында «Блиц-дәрістер және микросеминар» ұйымдастыру арқылы білім беру саласындағы интеграциялық процестерді дамыту, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жаңа ұлттық моделін жүзеге асыру, жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық зерттеулерін қарастыра отырып, студенттер арасында маңызды дәрістер мен шынайы пікірталастар он күндігі жүргізілуде. Осы орайда «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету» 3-мақсат бойынша студенттер арасында ұйымдастырылған микросеминар «Салауатты өмір салты» – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекетті көрсететін постерлер, плакаттар маңызды орын алды.
Сонымен қатар бүгінгі күнгі өзекті мәселеге айналған жұқпалы арулар мен алдын алу шаралары бағытында білім алушыларға мағлұматтар беру мақсатында университетіміздің Стоматология, Жалпы медицина, Педиатрия мамандықтарының 1,2 курс студенттеріне «Жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасыннан медицина ғылымдарның магистрі Ж.Р.Калжановтың дірістерімен жалғасты.
Нәтижесінде студенттердің сыни және шығармашылық ойлауын ынталандыру арқылы қоршаған әлемнің, жалпы экологиялық ахулды жақсарту, сол арқылы адам денсалығын нығайту, дені сау ұрпақ өсірудің, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың дұрыс жолын айқындайтын сапалы білім берудің жан жақты дамытушылық құзыреттілігі қарастырылуда.