Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім,елім деп соқсын жүрегім» атты іс-шара болып өтті
Желтоқсан айының 5- жұлдызы күні Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы және Жалпы медицина мектебінің 3- курс студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тірегім,елім деп соқсын жүрегім» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Іс-шара Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу мақсатында бір минут үнсіздікпен басталып,ерен ерлердің еңбектері,тәуелсіздік туын,қазақтың көк байрағын биік көтеру жолында жасаған ерліктері дәріптеліп,ұмытылмас қазына екені аталып өтті. Басты құндылығымыз – Егемендікті ұлықтау мақсатында студенттер өлең шумақтарын оқып,іс-шара соңы өнерпаз студенттердің орындауындағы әнмен аяқталды.