Төрегелді Шарманов 85 жасқа толды (Видео)
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Төрегелді Шарманов 85 жасқа толды. Ғалым дұрыс тамақтанудың қағидасын қайталап айтудан жалыққан емес. Төрегелді Шарманов ғарышкерлерге арналған арнайы ас мәзірлерін құрастырған. Ол енді Алматыда бие сүтін зерттеуге арналған орталық ашпақ. Ұлт саулығы үшін аянбай еңбек еткен профессордың жетекшілігімен 40 докторлық және 135 кандидаттық диссертациялар қорғалған, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.
«Болашақта осы жылқы малы арқылы тұрғыда ауқымды еңбек етеміз. Бұл Ұлы даланың үлкен дүбірі. Жылқының тұяғы, сүті, еті болашаққа зор мүмкіншілік алып келеді. Біздің еңбегіміз осыған арналып отыр», – деді Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Төрегелді ШАРМАНОВ.