Универсиада ойындарының салтанатты түрде «Алау жағу» іс-шарасына УСҮ төрағасы Солтанай Жәнібек қатысты
2017 жылдың 29 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ХХVIII бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының салтанатты түрде «Алау жағу» іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараға Алматы қаласының әкім Бауыржан Байбек, FISU өкілдері, алау эстафетасының қатысушылары-танымал спортшылар, эстрада жұлдыздары, қоғам қайраткерлері және студенттер қатысты.
Универсиада ойындарының алауын жағу мәртебесі, Алматы қаласының 7 үздік студентіне,білімнің негізін құрайтын 7 ғылым өкілдері ретінде берілді. Үздік студенттердің қатарында, «Университеттің Студенттік Үкіметінің» төрағасы, «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенті Солтанай Жәнібек қатысты.
7 үздік студент колбаларға құйылған 7 түрлі элемент сұйықтарын алаң ортасындағы қазандыққа құйып, Универсиаданың алауы жағылды. Алау эстафетасы 25 қаңтар күні Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басталған болатын.