Университеттегі басты тұлға – студент. Қазақ ұлттық медицина университетінде 2023 жылдың қорытындысы шығарылды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2023 жылдың қорытындылауға және келе жатқан 2024 жылды қарсы алуға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Университеттің миссиясы – бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы қоғамға қызмет ету. Биыл ҚазҰМУ 2502 түлек тәмамдады, 3952 студент оқуға қабылданды. Университет Үкіметпен бекітілген ҚазҰМУ-дың 2024–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын қабылдады.
«Бүгінгі жұмсап жатқан бірлескен күш-жігер университетімізді бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне сенімдімін», – деді өз сөзінде ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
Студенттік қалашықтағы жатақханаларға қайта жөндеу және кампус аумағында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа студенттер жатақханасының құрылысы 2024 жылы басталады деп жоспарланып отыр.
«Студентке бағдарлау 2023 жылдың басты ұраны. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысында кез келген шешімімізді: бұл студенттерімізге не береді, бұл олардың университетіміздегі уақытын қалай жақсартады деген көзқараспен қабылдай бастадық», – деп толықтырды Марат Шоранов.
2023 жылы жас мамандарға Эндаумент қоры, Технопарк сынды ғылыми бағдарламаларға белсенді қатысуға мүмкіндік беретін жобалар әзірленді. AsfenForum жас ғалымдар форумын жыл сайын өткізу жоспарлануда.
«Біз студенттерімізге Glovo мен Yandex -те ғана емес, кафедралар, зертханалар, кампуста жұмыс істеу мүмкіндігін жасағымыз келеді. Осы мақсатқа жету үшін жастарды ғылыми қызметке тарту, ғылыми жобаларды коммерцияландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда», – деді ректор.
ҚазҰМУ кадрлық әлеуетті жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жақсарту, соның ішінде профессорлық-оқытушылық құрам мен білім аулушылардың кредиттер саны мен оқу жүктемесін оңтайландыру бойынша міндеттер қойылды. Университет серіктес университеттермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, білім, медицина және ғылым саласындағы озық тәжірибелерді енгізу үшін әртүрлі шетелдік ұйымдармен берік байланыс орнатады.
«Университетіміздің ұлы тарихы, жаны бар. Бірақ университетіміздің бет-бейнесі мен жүрегі болуы қажет. Университетіміздің жүрегі кітапхана мен технопарк болмақ. Ал университеттің бет-бейнесі – біздің кампус және симуляциялық орталық – бүгінгі мақтаныштарымыз. Өткенге тағы да бұрылсақ, 2023 жылға бізге берілген мүмкіндіктер әрі барлық қиындықтарды жеңе білгеніміз үшін алғыс айтқым келеді», – деп түйіндеді сөзін Марат Шоранов.