Хабарландыру
Фармация мектебінің деканаты 2024 жылдың 11 қарашасы мен 21 қарашасы аралығында «Студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы аясында В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 2 және 3 курс студенттері арасында 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург химия-фармацевтикалық университетінде оқып келу үшін конкурс өткізеді. Конкурсқа В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 2 және 3 курс студенттерінің барлығы қатыса алады. Келесі құжаттарды 2024 жылдың 21 қарашасына дейін Фармация мектебінің деканатына тапсыру қажет:
- Декан атына өтініш
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Шетелдік төлқұжаттың көшірмесі
- Түпнұсқа транскрипт
- Ата-анасының келісімі
- Портфолио (дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар, жарияланған тезистер мен мақалалар).
- GPA балы – 2,67 -ден кем болмауы керек
Жиналған портфолио, Фармация мектебінің деканатына тапсырылуы керек.
Фармация мектебінің мекен жайы:
Алматы қаласы, Толе би даңғылы 88, 1- қабат, 114 бөлме.
2-ші курстар – бас маман Байтаева Айнұр Козиевнаға, ал 3 курстар бас маман Кузембаева Айжан Саденовнаға тапсырады.