Халықаралық ынтымақтастық аясында: профессор Багиярова Ф.А. Қырғызстан университеттерінде шеберлік сабағын өткізді
2025 жылдың 29 наурызынан 2 сәуіріне дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының (ЖММ-1) профессоры Багиярова Ф. А. Туран университетінің профессоры Асимов М. А.-мен бірлесіп Қырғыз Республикасында шеберлік сабағын өткізді.
Білім беру іс-шарасы Қырғызстанның жетекші екі жоғары оқу орнында — Орталық Азиядағы Америкалық университетте (АУЦА) және И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында (ҚММА) өтті.
Шеберлік сабағының тақырыбы: «Өзін-өзі меңгеру психологиясы: өзін-өзі реттеу және еңсеру мінез-құлқының әдістеріне кіріспе».
Аудиторияны оқытушылар, клиникалық психологтар, психотерапевт дәрігерлер және «психология» мен «медицина» мамандықтарының студенттері құрады.
Академиялық сапар аясында келесі тақырыпта семинар өткізілді:
«Психикалық денсаулық мамандарының жаңа интервенциялары. “Өзін-өзі меңгеру” әдісімен қысқамерзімді психотерапия»
Семинар психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар қысқамерзімді психотерапияның заманауи тәсілдерімен танысып, түрлі психологиялық бұзылыстармен жұмыс істеуге арналған практикалық құралдарды меңгерді.
Бағдарламаның ұйымдастырушысы және үйлестірушісі — Орталық Азиядағы Америкалық университет. Қолдау көрсеткен — Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы.
Профессорлар Багиярова Ф. А. мен Асимов М. А. келесі тұлғаларға шынайы алғыстарын білдірді:
— АУЦА-ның әлеуметтік ғылымдар департаментінің жетекшісі Елена Сергеевна Молчанова, ҚММА-ның медициналық психология, психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі Татьяна Ивановна Галако, іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудегі көмегі, сондай-ақ қатысушылардың белсенділігі мен кәсіби қызығушылығы үшін.
Аталған іс-шара халықаралық академиялық ынтымақтастық пен кәсіби тәжірибе алмасудың айқын үлгісі болды.