Хирургия саласы бойынша қазақша терминдер жасау мәселелері
Үстіміздегі жылдың 13 қазанында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Хирургия саласы бойынша қазақша терминдер жасау мәселелері» тақырыбындағы терминологиялық конференция өтті. Біздің университеттің оқытушылары – патологиялық анатомия кафедрасының профессоры Денсаулық сақтау министрлігі терминологиялық комиссия төрағасының орынбасары, ҚазҰМУ терминологиялық комиссия төрағасы Ахметов Жауғашты Байназарұлы, гистология кафедрасының меңгерушісі Республикалық терминологиялық комиссиясының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚазҰМУ терминологиялық комиссияларының мүшесі Ерғазина Марал Жүнісбекқызы, анатомия кафедрасының лекторы Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы және тілдер кафедрасының доценті Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы белсенді қатыса отырып, өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады. Көп терминдер қайта қаралып, бекітілді. Бекітілген терминдерді қазақ тілінде оқулық даярлау барысында қолдану ұсынылды. Біздің университет оқытушылары атқарып жүрген жұмыстары туралы егжей-тегжейлі хабарлама жасап, кейбір оқулықтарда жиі кездесетін терминдерді қатаң сынға алды.