Х.Қ. Сәтбаеваның туылғанына 100 жылдығына арналған «Ғасырларды сусын датар асыл дария – Х.Қ. Сәтбаеваның туылғанына 100 жыл» ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
2021 жылдың 03 желтоқсан күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Төрегелді Шарманұлы Шарманов атындағы Даңқ залында» Х.Қ. Сәтбаеваның туылғанына 100 жылдығына арналған «Ғасырларды сусын датар асыл дария – Х.Қ. Сәтбаеваның туылғанына 100 жыл» ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияның басталуы: 10.00.
Конференция басталу алдында сағат 09.30. Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының ұйымдастыруымен фотокөрменің салтанатты ашылуы.
Ханиса Қанышқызы Сәтбаева (1921—2016) Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің құрметті профессоры, Кеңестік және Қазақстанның белгілі дәрігерлерінің бірі.
Ханиса Қанышқызы 1943 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина Институтын үздік бітірді. Алматы қаласындағы медицина институтында еңбек еткен жарқын тұлғалардың бірі, студенттерге де, ұстаздарға да, өзіне де талапшыл озат ұстаз, талантты оқытушы болды. 1974 жылдан 1991 жылға дейін 17 жыл бойы Алматы Мемлекеттік Медицина Институтының «Қалыпты физиология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Сонымен қатар, он екі жыл бойы институттың емдеу факультеті деканы қызметін үлкен жауапкершілікпен атқарды. Ханиса Сәтбаева өмір бойы өз мамандығына ғана емес, университетке де адал болды, оны өзінің «туған үйі» деп санады. Медицина институтында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Ханиса Қанышқызы болашақ көптеген дәрігерлерді дайындады, шәкірттеріне тек білім ғана емес, сонымен бірге әрбір шәкірттің бойына ерекше өмірлік ұстаным-жанашырлық, кез келген уақытта адамдарға көмеккке келуге дайын болуды қалыптастырды. Ол кісі тәрбиелеген мыңдаған дәрігерлер қазіргі уақытта алғыспен еске алады. Ол кісінің жетекшілігімен 3 докторлық, 8 кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Сонымен қатар, Ханиса Қанышқызы Сәтбаева Қазақстан Республикасының барлық жоғарғы оқу орындарында валеология курсын ұйымдастырушылардың бірі болды, өмір бойы «Дені саудың жаны сау» деген қағиданы ұстанып, адам өз денсаулығына өзі жауапты екенін жалықпай айтып өтті.
Ханиса Қанышқызының авторлығымен 1995 жылы Қазақстанда тұңғыш рет медицина және педагогика жоғарғы оқу орындарына арналған «Адам физиологиясы» оқулығы жарық көрді, одан әрі 2009 және 2015 жылдары оқулық қайта басылып шығарылды. 25 жылдан астам уақыттан бері медициналық университеттердің де, қазақстандық жоғарғы оқу орындарының барлық биологиялық факульттетерінің студенттері осы жұмысты пайдалана отырып, қалыпты физиологияны оқып келеді. Осы еңбегі үшін Ханиса Қанышқызы Сәтбаева Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталды.