Шынайы бүкіл әлемдік даңқты қайраткер
Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел»
іс-шарасы Алматы қаласының Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының көрмелер залында ұйымдастырылып өтті.
ЮНЕСКО «шынайы бүкіл әлемдік даңқты қайраткер» деп таныған Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтуде.
2016 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының көрмелер залында қоғам және мемлекет қайраткері, XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт- азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекші , Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай еске алу кеші, Сұлтан Хан Аққұлының «Әлихан Бөкейхан» атты кітабының тұсаукесер рәсімі және Әлихан Бөкейхановтың өмірі, шығармашылығы және қоғам қайраткері ретінде» дөңгелек үстел шарасы ұйымдастырылып өтті.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов ( 1866-1937) Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі. 1890- 1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқып, осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909-1917 жылдары «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-1914 жылдары «Қазақ газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 1917 жылы бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұнғыш төрағасы болып сайланды. Осы жылдары «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. Тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары – «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи», «Киргизы» атты монографиялары Санкт-Петербургта жарық көрді. Ә.Бөкейхан 1926 жылы екі рет тұтқындалып, Мәскеуге жер аударылды, зор беделінен қорыққан большевиктер үкіметі оны Қазақстанға жолатпады. 1937 жылы жалған жаламен Мәскеуде ату жазасына кеседі. 1989 жылдың мамырда КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Әлихан Бөкейханның өмірі мен сан қырлы қызметіне арналған Сұлтан Хан Аққұлының кітабында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1990 жылдардың соңы мен 2016 жылдар аралығында мерзімді басылымдар, әдеби қоғамдық және ғылыми журналдарда жарық көрген зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар, дөңгелек үстел материалдары қамтылған.
Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорының «Әлихан Бөкейхан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме 1904 жылы Санкт-Петербургте басылып шыққан көп томдық «Новый энциклопедический словарь», Ә.Бөкейханның аудармалары т.б. сирек кездесетін қолжазбалары ұсынылған.
Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай өткізілген Сұлтан Хан Аққұлының «Әлихан Бөкейхан» атты кітабының тұсаукесер рәсімі, Әлихан Бөкейхановтың өмірі, шығармашылығы және қоғам қайраткері ретінде» дөңгелек үстел шарасына қатысып, пікір алмасуға қатысқандар: ҚР атақты қоғам қайраткерлері: Өмірзақ Айтбайұлы – филология ғылымының докторы, профессор ҚР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі; Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев – белгілі алаштанушы, ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор; Түркия Жеңіс – Ер Жәнібек қорының президенті; Нәсенов Болатбек – белгілі тарихшы, тарих ғылымының докторы, профессор; Ерден Қажыбек – филология ғылымының докторы, профессор; Ісмақова Айгүл Серікқызы – ғалым, филология ғылымының докторы; Оразалиев Бақытжан Әсетілдаұлы – Гумилев атындағы ЕҰУ кітапханасының директоры, философия ғылымының кандидаты, доцент; Кемеңгер Қайырбек Ризабекұлы – филология ғылымының кандидаты, доцент, Алаш ғылыми- зерттеу институтының жетекшісі; Ожай Ықылас – Гумилев атындағы ЕҰУ, аға оқытушы; Темірбаев Мақсұт Әбуұлы – медицина ғылымының докторы, профессор; Жанар Ғабиденқызы Мұстафина – С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медицина ғылымының докторы, профессор; Райхан Имаханбет – Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының директоры филология ғылымының кандидаты, Әлихан Бөкейханның немерелері және т.б. атақты қонақтар, БАҚ өкілдерсфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы Закира Қонысбекқызы Көкенова «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс 15-013-1, 2 топ студенттері.
Аталмыш іс-шара ЮНЕСКО «шынайы бүкіл әлемдік даңқты қайраткер» деп таныған Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы Түркияда аталып өтті, ал Қазақ елінде осы жыл бойы барлық ұйымдар мен мекемелерде лайықты деңгейде аталып өтеді деп ойлаймыз. Өйткені Әлихан Бөкейхан Мэйдзи бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде 21 жылда артта қалған аграрлық елден әлемнің ең дамыған мемлекетіне айналған Жапонияның тәжірибесін үлгі етіп, Алаш-Қазақ еліне 20-25 жылда әлемнің төріне жеткізуді жоспарлады. Алаш көсемі жапондардың тәжірибесін қазақ еліне сол қалпында орнатпай, халқының өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрінің негізін сақтап жетілдіруді көздеді.
XX ғасырдың 20-шы жылдарында Әлихан қазақты «Алаш» ұраны мен туының астына топтастырып, біртұтас Алаш ұлтын қалыптастырды, қазіргі қазақ ұлтының атасы болды.
Студенттеріміздің осы тарихи іс -шараға қатысуы танымдылық, тәрбиелік тұрғысынан өте маңызды деп ойлаймыз. Жастар Елбасы атап өткен Қазақ елі, Мәңгілік ел деген ұғымды патриоттық сезіммен қабылдап, еліміздің болашағын, бейбітшілікті ұстаным ретінде насихаттайтын, мемлекетіміздің өркениетті, дамыған, сонымен қатар жан -жақты бәсекеге қабілетті елдер қатарында болуы басты мақсат екендігін ұғады деген сенімдеміз.
Закира Көкенова – орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы