Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының университетке тартуы
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы біздің университетімізге сыйлық жасады. Оның ішінде қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі монографиялар, энциклопедиялар, оқу құралдары, конференция жинақтары бар.
Сыйға тартылған кітаптар жиынтығында 3 томдық «Қазақстан тарихы» энцоклопедиясы, «History of Astana», «Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда», «Ұлы дала тарихынан (ХVIII ғасырдың соңғы ширегі)», «Жумабай Шаяхметов. Документы и материалы» «ХІХ-ХХ ғғ.қазақтарында ағаш пен сүйекті көркем өңдеу», «Қазақтың киелі жерлері», «Ұлы даланың ұлы есімдері. Материалдар жинағы», «Санжар Асфендияров: өмірі мен қызметі (1889-1938 жж.) І том», «Мусульманские и православные миссионеры а Казахстане: деятельность и результаты (ХІХ начало ХХ веков», «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның тарихы ғылымының дамуы. Дөңгелек үстелдің материалдары жинағы», «XVIII ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы» және т.б.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен (ҚР БҒМ ҒК) табысты ынтымақтастық жасауда. Алынған кітаптар университеттің Ғылыми кітапханасына берілді.
«Осындай құнды сыйлықты алу – университет оқытушылары мен студенттері үшін үлкен қуаныш, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына және Зиябек Ермұханұлына жеке алғысымызды білдіреміз. Алдағы күндері кітаптар біздің университеттің оқу залдарында қолжетімді болады» – деп атап өтті ғылыми кітапхана директоры Модовов Нұрбол Әлімбайұлы.
Бұл кітаптар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы білім көзі болады және білім беру үрдісінде студенттер мен оқытушыларға, сондай-ақ еліміздің тарихына қызығушылық танытқандарға қажет болады.