ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы балалар ерте даму және ерте араласу бағдарламасы
ҚР ДСМ Денсаулық сақтау және балаларды ерте дамыту бағдарламаларының басшылығымен бірлесіп ЮНИСЕФ (Қазақстан) халықаралық сарапшылардың қатысуымен ҚР барлық өңірлерінен келген педиатриялық бейіндегі мамандар үшін ерте даму мониторингі нұскаулық(БДМХН/GMCD) және ерте араласу бойынша басшылық қағидаттары бойынша оқытуға бастамашылық жасады.
Оқытуға Педиатрия мектебінің қызметкерлері – Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Н.А. Сағатбаева және амбулаториялық-емханалық педиатрия кафедрасының профессоры Ж.Ж. Нұрғалиева тартылып, БДМХН бойынша халықаралық жаттықтырушылар сертификаттары және ерте араласу бағдарламасы берілді. БДМХН бойынша сертификаттау курстары Астана қ.МСАК орталығында 26.01-31.01.2026 сәтті өткізілді, онда Н.А.Сағатбаева мен Ж.Ж. Нұрғалиева халықаралық жаттықтырушылар рөліне қатысты. БДМХН бойынша тренингтің алғашқы тыңдаушылары Астана қаласының МСАК мамандары — патронаждық медбикелер, педиатр дәрігерлер, ЖПД болды. Ерте араласудың тұжырымдамалық негіздері мен дағдылары (ЕА) бойынша тренингті eurlyaid (Еуропалық ерте араласу қауымдастығы/European association on early childhood intervention) халықаралық сарапшылары 09.02-13.02.2026ж. Тренинг бағдарламалары өте бай, қызықты болды. Барлық қатысушылар қызығушылық пен белсенділік танытты.
2026 жылдың қаңтарында ҚР Үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай Тұжырымдамасын қабылдады. Тренингтерде қаралған мәселелер тұжырымдамаға енді. Балалар халқының денсаулығы мен үйлесімді дамуын жақсарту үшін ведомствоаралық бағдарлама ретінде Қазақстанда БДМХН-ны кеңінен енгізу және РВ-ны жетілдіру жоспарлануда.


















