Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ильдар Рафисович Фахрадиев әлемдік деңгейдегі мақаланы қалай жазуға болатынын түсіндірді
Қараша оқулары аясында ҚазҰМУ-да ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ильдар Рафисович Фахрадиев «Ғылыми жарияланым: күрделіні қарапайым тілмен» атты дәріс оқыды.
Бұл кездесу оқытушылар, магистранттар және докторанттар үшін заманауи ғылым әлемін түсіндіретін нақты жол картасына айналды – зерттеудің алғашқы қадамдарынан бастап халықаралық журналдарға шығуға дейін.
Ғылым – дамудың тірегі
Ильдар Рафисович ғылыми-зерттеу қызметі білім беру жүйесінің, инновацияның және жалпы академиялық ортаның стратегиялық негізі екенін атап өтті. Қазіргі зерттеуші міндетті түрде:
-
сапалы ғылыми мәтін дайындауды
-
деректермен сауатты жұмыс істеуді
-
халықаралық деңгейде пікір алмаса білуді
-
цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеруді
білуі керек.
Ғылыми өнім деген не?
Проректор ғылыми нәтижелердің түрлі форматта ұсынылатынын еске салды: ғылыми мақалалар, конференция материалдары, монографиялар, есептер, патенттер, цифрлық шешімдер. Алайда ең маңыздысы – рецензияланатын журналдардағы мақалалар. Дәл осы жарияланымдар зерттеудің жаңалығын және оның әлемдік ғылымдағы маңызын көрсетеді.
Наукометрия және халықаралық базалар
Дәріс барысында Ильдар Рафисович Impact Factor, CiteScore, h-index, SJR, SNIP сияқты наукометриялық көрсеткіштердің мәнін қарапайым тілмен түсіндірді.
Сонымен қатар Scopus, Web of Science, PubMed, Embase секілді халықаралық базалардың ғылыми еңбектердің көрінуі мен дәйексөз алуына қалай әсер ететінін нақты мысалдармен көрсетті.
Журналды дұрыс таңдау – жарты жетістік
Спикер ерекше тоқталған негізгі мәселелер:
-
ғылыми мәтіннің сапасы
-
статистиканың дұрыстығы
-
зерттеу әдістемесінің талапқа сай болуы
-
журналдарды Scopus, WoS және DOAJ арқылы тексеру
-
жыртқыш баспалардан аулақ болу
Ғылымдағы жасанды интеллект
Дәрістің ерекше бөлімі – ғылыми ІІ құралдарының мүмкіндіктері. PRISMA, әдебиеттерді цифрлық іздеу, мәтінді жетілдіру, деректерді тез өңдеу – бүгінде зерттеушінің күнделікті жұмысының бөлігіне айналып келеді.
Ильдар Рафисович жасанды интеллект қуатты көмекші болғанымен, оны жауапкершілікпен, академиялық адалдықты сақтай отырып қолдану маңызды екенін атап өтті. Ал алынған ақпараттың дәлдігін міндетті түрде тексеру қажет.






