Ғылым қызметкерлерінің күні: ҚазҰМУ жеңістері мен жетістіктері
Жуырда ғылым саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Ғылым негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жылда бұл салада айтарлықтай өзгерістер мен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазір жүздеген ғалымдар озық әзірлемелер мен зерттеулерді жүргізеді. Жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері мемлекеттік және халықаралық рейтингтерде үздіктер қатарында, жаңа Геномдық орталық ашылды, ғылыми әзірлемелерге гранттар ұтып алынды және тағы басқалар.
Университеттің ғылыми қызметіндегі елеулі өзгерістер, назардан тыс қалмайды. ЖОО тәуелсіз рейтингтерде үздік деп танылды. С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards» тәуелсіз марапатының «Журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» номинациясы бойынша ҚР медициналық университеттері арасында 2018, 2019, 2020 жылдары Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдерінің иегері болды. Рейтингтегі үздік үштікке С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлері кіреді, олар Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ҒЗИ қызметкерлері Салиев Тимур Муидинович, Берилло Дмитрий Александрович және Фахардиев Ильдар Фарисович. Професорлар арасында дәйексөз және жарияланым бойынша рейтингтің басында ректор Нұрғожин Талғат Сейітжанұлы, фармация мектебінің деканы Сакипова Зуррияда Бектимировна, Шарманов Төрегелді Шарманұлы, аллергология кафедрасының меңгерушісі Испаева Жанат Бахитовна, Баймаханов Жасұлан Болатбекович, Датхаев Убайдила Махамбетович және басқалары бар.
Университет тұрақты түрде ғылыми жобаларды жүргізуге ықпал етеді. 2021 жылы жалпы 200 млн теңгеден астам қаржыландырумен ЖОО ішіндегі 23 жоба бөлінді. 2022 жылғы наурызда жоғары оқу орындары ішіндегі Гранттар конкурсы жарияланды, бұл ғылыми қызметкерлердің елеулі қаражаты есебінен ҚР БҒМ сыртқы қаржыландыруға өтінімдердің сапасын едәуір арттырады. Биылғы жылы постдокторантура ашылып, біз «Жас Ғалым» бағдарламасы бойынша үздік ғалымдарды қабылдауды күтеміз.
Қазақстандық ғылымды дамыту драйверлерінің бірі Б.Атчабаров атындағы ҒЗИ болып табылады. Мұнда фармакогенетика, фармакология, фармация, генетика және су мен ауа экологиясының мәселелерін шешу саласында көптеген зерттеулер жүргізіледі. Қазақстанның болашақ ғылыми кадрлары болып табылатын төменгі курс студенттерін тарту назар аударуға лайық. Соңғы 5 жыл аралығында ҚР БҒМ және ҚР ДСМ желісі бойынша ғылыми әзірлемелерді қаржыландыру көлемінің өсуі бойынша оң динамика байқалуда.
2021 жылы Б.Атчабаров атындағы ҒЗИ жаңа заманауи геномдық орталық ашылды. 536 шаршы метрден тұратын аумақта ең жоғары қорғаныс дәрежесімен салынған бірнеше зертханалар орналасқан. Зертханалардың сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесі бөлмелердің ішіндегі ауаны ұстап тұруға мүмкіндік береді, бұл зерттелетін материалдардың сыртқа шықпауынан қорғауға кепілдік береді. Зертханада ҚР аумағында STC Compact ULT биологиялық үлгілерін тіркеуге, есепке алуға және сақтауға арналған жалғыз роботтандырылған жүйе бар. Сонымен қатар, геномдық орталықта Аffymetrix GeneTitan (АҚШ) микрочиптік жүйесінде жұмыс істейтін болады.
Ғалымдарды өткен кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз және Қазақстан халқының және бүкіл ғылыми әлемнің игілігі үшін жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!