«Қазақстан Аруы – 2013» байқауының жеңімпазы, ҚазҰМУ түлегі Исаева Айдай Қуанышбекқызымен студент қыздар арасындағы сыр-сұхбат
2018 жылдың 19 сәуір күні сағат 16.00-де ҚазҰМУ-нің №8 оқу ғимаратындағы конференц залда Университетіміздің түлегі, «Қыз Жібек қыздар клубының» алғашқы қонағы, «Қазақстан Аруы – 2013» байқауының жеңімпазы, «Алматы Аруы – 2013» екінші Вице-Мисі», «Әлем Аруы – 2014» байқауының қатысушысы – Исаева Айдай Қуанышбекқызымен студент қыздар арасындағы сыр-сұхбат өткізілді. Айдай Қуанышбекқызы студент қыздарға тәлім-тәрбиелік ұстанымдар туралы, қыздардың талғамы, ата-ана тәрбиесі, сондай-ақ дәрігер маман ретінде оқу жүйесіне аса көңіл бөлуді тілге тиек етті.
Кездесу студент қыздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қыз бала өміріндегі басты құндылықтарды жадымызда ұстауымызға және маңыздылығын түсінуімізге мүмкіндік берді.