«Қазақстан Республикасы флорасының дәрілік өсімдіктерін этнофармакологиялық зерттеу» тақырыбы бойынша Erasmus+ Programme Inter-institutional agreement Mobility of higher education staff (KA171 2023-2025) шеңберінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру нәтижелері
Халықаралық ынтымақтастық жоғары оқу орындары қызметінің ажырамас бөлігі және білім беру сапасын қамтамасыз етудегі және оның Республиканың еңбек нарығында және шетелде талап етілетін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы халықаралық стандарттарға сәйкестігінің маңызды құралы болып табылады.
Қазақстандық тараптан ERASMUS+ (KA107-2020-2023) бағдарламасының кураторы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінің деканы, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор З.Б. Сакипова болып табылады. Поляк әріптестерімен жемісті ынтымақтастықтың арқасында Фармация мектебімен оннан астам PhD докторлар дайындалды, сондай-ақ маңызды халықаралық маңызы бар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижелер рейтингтік журналдарда жарияланды және халықаралық фармакопеяларға енгізілді.
ERASMUS+ programme inter-institutional agreement Mobility of higher education students and staff (KA171 2023-2025) бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 08 шілдеден 13 шілдеге дейін Фармация мектебіне Люблин медициналық университетінің профессорлары Anna Malm және Izabela Korona –Glowniak келді.
«The recommended methodology in ethnopharmacological studies» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары өткізілді, ғылыми-практикалық дағдыларды игеру және ғылыми зерттеулерге арналған объектілерді жинау үшін экспедициялар өткізілді:
– Өсімдік субстанцияларын этнофармакологиялық зерттеудің озық тәжірибесі;
– Этнофармакологиялық зерттеулердің заманауи әдіснамасы;
– Өсімдіктердің кейбір қазақстандық түрлерін фитохимиялық зерттеу нәтижелерінің негіздемесі: Bupleurum longifolium L., Eremurus robustus (Regel) Regel., Artemisia gmelinii Weber ex Stechm., Artemisia serotina Bunge, Xanthium strumarium L., Capparis herbacea Willd., Geranium rotundifolium L., Rosa platyacantha Schrenk., Ziziphora bungeana Juz., Stachys sylvatica L., Geum aleppicum Jacq., Achillea filipendulina Lam., Rumex tianschanicus L., Archangelica decurrens Ledeb., Valeriana turkestanica Sumn., Leonurus turkestanicus V.I. Krecz&Kuprian, Crocus alatavicus L., Allium turkestanicum, Allium galanthum, Cotoneaster multiflorus, Cotoneaster melanocarpus, Thymus marschallianus L., Thymus seravschanicus L., Hedysarum semenowii Regel & Herder, Ribes meyeri Maxim.
Осы жоба аясында Люблин медициналық университетінің профессорлары қазақстандық әріптестерімен 9 және 10 шілдеде Алматы облысының Кеген ауданына Саты ауылына, 11 және 12 шілдеде Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне екі экспедицияға барды.
Кеген ауданына экспедицияға ботаника және фитоинтродукция институтының мамандары И.А. Съедина, И.Г. Отрадных қатысты.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «республикалық мемлекеттік мекемесінің басшылығымен және ғылыми қызметкерлерімен кездесу өткізілді. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі және Люблин медициналық университеті арасындағы ынтымақтастықтың келешегі анықталды.
13 шілдеде экспедиция нәтижелері талқыланды, жобаның аралық қорытындылары шығарылды, болашаққа жоспарлар белгіленді.
Жобаға С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері қатысты: Л.Н. Ибрагимова, Г.Т. Жұмашева, Т.С. Бекежанова, М.И. Тілеубаева, З.Б. Алламбергенова, А.А. Қараубаева, М.К. Сүлейменов, С.О. Орынбекова, А.Ж. Мұхамедсадықова, Кунтубек Г. және докторанттар Қадырбай А., Рахимова Н., Келеке А., Изтелеуова Э.
Докторанттар Рахимова Наргиз, Изтелеуова Эльнура ғылыми зерттеулер туралы баяндамалар жасады, жоба қатысушыларымен жұмыстың одан әрі бағыттарын талқылады.
Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде оқытушылардың академиялық ұтқырлығын іске асыру әріптес университеттер арасындағы халықаралық байланыстарды дамытуға, білікті ғылыми кадрларды даярлауға және оқыту мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикада тиімді пайдалануға ықпал етеді.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін бағдарламаға қатысушыларға Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Республикасы флорасының дәрілік өсімдіктерін этнофармакологиялық зерттеу» тақырыбы бойынша сертификаттар берілді.