«Қазақстан Республикасы халқының Бірлігі күнін» мерекелеу
2016 жылдың 29 сәуір күні сағат 13.00-де ҚазҰМУ-нің студенттік аренасында «Қазақстан Республикасы халқының Бірлігі күніне» орай ҚазҰМУ «Бірлік» кіші Ассамблеясының, факультеттердің студенттік үкіметінің ұйымдастыруымен және Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту Департаментінің қолдауымен «Бізді ҚазҰМУ біріктіреді» атты этнофестиваль өткізілді.
ҚазҰМУ студенттері қауымдастығы аясында ұлтаралық татулық пен этномәдени келісім, толеранттылықты насихаттау мақсатында өткізілген этнофестивалге Алматы қ. жоо студенттері және қалалық этномәдени орталықтардан, университетіміздің факультеттерінен, шетелдік студенттерден көптеген ұлт өкілдері қатысып, ән шашу мен қолөнерден, ұлттық аспаптардан студенттер өз өнерлерін көрсете білгені студенттердің бірлігі мен татулығын бейнелейді.
Сонымен қатар, Алматы қ. жоо студенттерінің атап айтқанда, Шетел тілдері және іскерлік карьера университеті, Құрманғазы консерваториясы, «Ұйғыр» этномәдени орталығының ұлт өкілдері және т.б. өнерлерін паш етіп, Қазақстан халқының бірлігін насихаттады.
Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болымысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз!