Қазақстан Республикасының медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының (ҚМЗДҚ) IV Халықаралық Конгресі
Қазақстан Республикасының медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының (ҚМЗДҚ) IV Халықаралық Конгресі
2016 жылдың 4-5 наурызында Қазақстан Республикасы Қазақстан медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының кезекті IV Халықаралық Конгресі бірінші рет Қазақстан Республикасының ең көне, жетекші жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің белсенді түрде қатысуымен, Ресей медициналық зертханалық диагностика қауымдастығымен, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетімен, шетелдік ұйымдармен және жетекші мамандармен бірлесіп өткізілдi. Осындай іс-шаралар ҚМЗДҚ-мен 5 жыл бойы үнемі өткізіліп келеді және ҚР-ның заманауи зертханалық медицинасының өзекті мәселелерін талқылауға арналған бірегей алаң болып табылды. Сонымен қатар, бұл еліміздің әртүрлі өңірлері мен шет елдерден келген биомедицина,зертханалық диагностика саласындағы мамандар, ғылыми қызметкерлер үшін кездесудің, тәжірибе алмасудың, жаңа инновациялық технологияларды қолдану туралы білудің керемет мүмкіндігі болып табылды. Ұлттық университеттердің жетекші ғалымдарының қатысуымен ғылым дамуының және халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа формациядағы зертханалық биомедицина мамандарын даярлаудың жаңа парадигмалары Қазақстан Республикасында биомедицинаның әрі қарай дамуына түрткі болды.
Конгрестің аясында дөңгелек үстелде заманауи зертханалық диагностиканың өзекті мәселелерін, медициналық зертхана қызметкерлерін дипломдық және постдипломдық даярлауға арналған кәсіптік және білім беру стандарттарын талқыланды.Пікірталасқа Ресей, АҚШ, Франция, Қазақстанның кәсіптік білім беру саласындағы жетекші мамандары қатысты. NAZARBAYEV UNIVERSITY, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің декандары мен ДСӘДМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы департаменттерінің директорлары, сондай-ақ INVIVO, INVITRO және HEALTH CITY ірі жеке клиникалық-диагностикалық зертханалардың тәуелсіз желілерінің өкілдері осы салада қызметкерлерді даярлаудағы өз тәжірибесімен бөлісті.