Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен биология ғылымдарының докторы, профессор, «ЭКОМЕД» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі Салтанат Берденқызы Байқошқаровамен «ӘЛЕМ-АНАНЫҢ МАХАББАТЫНДА» — атты дөңгелек үстел өтті
2023 жылдың 17 наурыз күні — Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен биология ғылымдарының докторы, профессор, «ЭКОМЕД» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі Салтанат Берденқызы Байқошқаровамен «ӘЛЕМ-АНАНЫҢ МАХАББАТЫНДА» — атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуге проректор ДатхаевУ.М., Жалпы медицина-1 мектебінің деканы Измайлова С.Х. қатысты.
Алғы сөз университеттің проректоры Датхаев Убайдилла Махамбетұлына берілді. Ол Салтанат Берденқызының Қазақстан қоғамында танымалдығы мен сіңірген еңбігіне жеке тоқтала отырып, бұл кездесудің студенттер үшін маңызы мол екенін айтып өтті.
ҚДС21-002 топ студденті Жақсылық Иман «АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ БАЛА ДЕГЕН…» «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарына Алматы қаласы атынан енген танымал дәрігер, биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Байқошқарова жайында баяндама оқыды.
Іс-шараның баасты қонағы, «ЭКОМЕД» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Берденқызы Байқошқарова студенттермен Қазақстандағы репродуктологиялық медицина жағдайын баяндай отырып, студенттермен сұхбат құрды. Өз еңбек жолының тарихы жайлы ой толғап, жас мамандарға ақыл-кеңестерін айтты. Университетіміздің 1-3 курс студенттерінің сұрақтарына жауап берді. Қазақ медицина ғылымының дамуына орасан зор үлес қосқан Салтанат Берденқызымен өткен мазмұнды кездесу көптеген жастардың репродуктология саласына деген қызығушылықтарын тудырды.
Іс-шараны қорытындылаған «Жалпы медицина-1 мектебінің» деканы, м.ғ.к. С.Х.Измайлова Салтанат Берденқызына, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.