Қазақтың қаһарман қызына 100 жыл! Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл)
2 желтоқсан күні Университетіміздің Фармакология кафедрасында аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген, ерліктің мәңгі алауын жаққан, қазақтың қаhарманы Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған іс-шараны болып өтті.
Бұл іс-шараны фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог Молайханов Шохмурод Анарханович «Жалпы медицина» мектебінің ЖМ20-028 топ студенттерімен жоғары деңгейде өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттерді қазақтың қаһарман аруы, шынар жұлдызы болған Мәншүк Мәметова есімін қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты басталмастан бұрын Ұлы Отан соғысында қаза тапқан барлық отандастарымыздың жасаған ерліктері мен батырлықтарын еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.,доцент, қауымдастырылған профессор Сатбаева Эльмира Маратовна, лектор Батагоева Замира Жамалбековна, ассистент Есенова Асель Исагуловна, к.м.н., доцент Бердиярова Гульбану Сансызбаевна және профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.
ЖМ20-028 топ студенттері Мәншүк Мәметованың өмірбаянымен таныстырып, ақындардың арнау өлеңдерін оқды. Іс-шара барысында Мәншүктің анасына жазған хатын оқығагн кезде көрермендердің көзіне жас келді. Талантты студенттер М.Мәметоваға арнап арнайы бейнежазба жасап, қазақ қыздарына арнау әнін орындап, блиц-сауалнама жүргізіп, «Көк тудың желбірегені» әнін хормен орындап іс-шараны сәтті аяқтады.
Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің еркін өмір сүріп, алаңсыз білім алып, шаттана күлгеніміз, бақытты өмір сүріп жүргеніміз — бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Жер бетінде соғыс болмасын деп тілейік. Осындай іс-шараны ұйымдастырған ЖМ20-028 топтың кураторы Молайханов Шохмурод Анархановичға және студенттерге, кафедра ұжымына алғысымызды білдіреміз!