Қазақ ұлттық медицина университетінде ғылыми жобалар питчингі өтті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2023» аясында ұйымдастырылған технологияларды коммерцияландыру реакторы өтті. Жас ғалымдар келген бизнес серіктестерге ғылыми жобаларын көрсетті. Медицина ғылымы саласындағы 12 жоба бірлескен қаржыландыруға және одан әрі гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім беру үшін бизнесмендерге таныстырылды.
«Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры Құрманғазы Омаров жас ғалымдардың жобаларын коммерцияландыру үшін қаржы бөлу шарттары, питчингке дайындық және жобаларды іріктеу ережелері туралы толығымен айтып берді.
«Осы іс-шара арқылы Мемлекет басшысының ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту, оның ішінде Бизнестің ғылыми зерттеулерін бірлесіп қаржыландыру және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, атап айтқанда жыл сайынғы гранттарды бөлу арқылы жағдай жасау туралы тікелей тапсырмасын орындаймыз», – деді ҚазҰМУ проректоры Қайрат Давлетов.
Жиынға қатысқан іскер топтар мен ғылым өкілдері жоба авторларына өз пікірлерін білдірді.
«Asfen.Forum, жаңа ұрпақ -2023» 1-ші халықаралық форумы Қазақ ұлттық медицина университетінде 5-6 маусымда өтті. Форум өз инновациялық жобаларын ұсынуға, өз идеяларын жүзеге асыру үшін бизнес серіктестермен кездесуге мүмкіндік алатын әлемнің 20 елінен келген медицина және денсаулық сақтау саласындағы жас дарынды ғалымдарды біріктірді.
Форум халықаралық, пәнаралық және маңыздысы – жастарға арналады. Бұл барлық қатысушыларға тың көзқарастары мен идеяларымен бөлісуге, ғылымның дамуына жаңа энергия әкелуге бірегей мүмкіндік болды.
Қазақ ұлттық медицина университетінде ғалымдарды материалдық ынталандыру шаралары үнемі енгізіліп отырады, ғылыми зерттеулерге қаражат бөлінеді, тек 2022 жылдың өзінде ҚазҰМУ-да ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру 7,91 миллиард теңгені құрады. Университет жоспарында ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін технопарк құру бар.